ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Ерекше концерт: Димаштың «Stranger» шоуы Малайзияда өтті

Ерекше концерт: Димаштың «Stranger» шоуы Малайзияда өтті

Dimash World Ерекше концерт: Димаштың «Stranger» шоуы Малайзияда өтті

Ерекше концерт: Димаштың «Stranger» шоуы Малайзияда өтті

Куала-Лумпурдағы Axiata Arena-да алғаш рет қазақ халық аспаптары, сондай-ақ қазақ және әлемнің басқа да көптеген тілдерінде әндер шырқалды-Малайзия астанасында Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтті.

Қонақжай Малайзияға әр елден келген қонақтар Димаштың сан қырлы бағдарламасымен танысып, өткен жылдың қыркүйегінде әншінің отанында басталып, қазір жер шарын шарлап, оның «Stranger» атауын толық көрсететін әлемдік деңгейдегі шоуды тамашалау үшін келді.

Шоу бағдарламасы көрерменді әртүрлілігімен таң қалдырып қуантты. Димаш әр түрлі стильдер мен жанрларда жеті тілде композициялар орындады.

Әртістің әр жанкүйері осы кеште өзінің жанына жақын үндестікті тауып, сонымен бірге әндерді жаңа форматтағы әуенде тамашалай алды.

Концертте Димаштың орындауында Еуропа мен Америка авторларының «Golden», «If I never breathe again», «S.O.S» шығармалары шырқалды. Жапондық автор Кози Тамакидің терең және қайғылы «Autumn strong» әні Димаштың «I am a Singer» жобасындағы сәттерді еске түсіріп сондай-ақ әртістің «Screaming», «Let it be» композицияларын және қытай тіліндегі «Battle of Memory» саунд-трегін орындады.

Композитор Игорь Крутойдың шығармалары Димаштың шығармашылығында маңызды орын алады. Шоудың «Stranger» титулдық әнінен, полифониялық «Олимпико», сондай-ақ «Аве Марияның» және барлық Dears-тің сүйікті «Любовь уставших лебедей» әнінен бастап, нөмірді аяқтағанға дейін барлық зал хормен шырқады.

Концерттің қонағы өзінің керемет хиті «Bukan Cinta Biasa» және дәстүрлі «NIRMALA» әнін орындаған Сити Нурхализ есімді малайзиялық әнші болды.

Димаш әрдайым оның басты міндеті – әлемдік көрерменді өз елінің мәдениетімен, жерлестерінің шығармашылығымен таныстыру екенін атап көрсетеді. Шоу бағдарламасында көрермендер әртіспен бірге қазақ тіліндегі «Дайдидау» және «Дурдараз» халық әнін, сондай-ақ қазақстандық композиторлар Айгүл Бажанованың «Махаббат бер маган», Еділжан Ғаббасовтың «Fly Away» және Димашпен бірге жазған «Zhalyn» әндерін тыңдап, орындады.

Жас композитор Әбілмансұр Құдайберген өзінің алғашқы композиторлық жұмысы «Together» әнінде үлкен ағасымен бірге ұсынды.

Ана тілінде ерекше әсерлі шығармаларды орындағаннан кейін Димаш сүйікті атасынан айырылғаннан кейінгі қиын күндерде қолдау көрсеткені үшін алғыс сөздерімен жанкүйерлерге жүгінді:

«Концерттің өту өтпеуі екі талай еді, бірақ сіздердің қолдауыңыздың арқасында бәрі ойдағыдай өтіп жатыр. Бізге әкеміз үнемі «Егер сөз берсең, нағыз ер адамша сөзіңде тұр», – деп ақыл өсиетін айтатын.

Әрине, Димаштың «Ұмытылмас күн», «Give me your love» және «Be with me» шығармалары кеш бойы шоудың жарқын сәттері болып есте қалды.

Шоудың соңғы бөлімінде испан тіліндегі «El amore en ti» ірі композиторлық жұмыстары және осы кеште ерекше әсерлі болған «The story of one sky» реквиемі орындалды…

«Бұл арман! Мен өте бақытты әртіспін, өйткені менде сіздердей керемет тыңдауышларым бар!»,-  деп Димаш өз жанкүйерлерін келесі концерттерде күтетінін айтты.

Келесі кездескенше, достар!

Соңғы жаңалықтар

Димаштың чилилік жанкүйерлері Қазақстанның Әнұранын орындады

23 маусымда Димаш Құдайбергеннің чилилік 17 жанкүйері Қазақстанның әнұранын орындады. Бұл әсерлі орындау Чили мен Қазақстан арасындағы мәдени алмасу...

Димаш Қытайда өткен «Qingdao International Beer festival» фестиваліне қатысты

Қытайдың Шаньдун провинциясының Циндао қаласында туризм, сауда, экономика және мәдениет салаларын біріктіретін халықаралық сыра фестивалі 34-ші рет өтуде. Бұл...

Димаш жанкүйерлерінің Мадридтегі кездесуі: екі мәдениеттің бірлігі және домбыра күні

13 шілдеде Мадридте қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуі өтті. Іс-шараға Испанияның түкпір-түкпірінен, сондай-ақ Германия мен Швейцариядан да жанкүйерлер...

Аңызға арналған ән: Димаш Құдайберген Джеки Чанның жаңа фильмінің саундтрегін орындады

12 шілдеде Джеки Чанның көптен күткен жаңа «Аңыз» атты фильмі прокатқа шықты. Фильмнің соңында Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "This Love"...

Димаш Сербиядағы EXIT фестивалінде хедлайнер ретінде өнер көрсетті

10 шілдеде Сербияда нағыз энергетикалық жарылыс болды: Нови Садта 20 ғасырда әлемді өзгерткен тапқыр - ​​Никола Тесланың туған күнін...