Димаш Құдайберген Дюссельдорфта Игорь Крутойдың жеке концертінде өнер көрсетті. 30 қараша күні Германияда Игорь Крутойдың 65 жасқа толған мерейтойына арналған шығармашылық концерті өтті. «Бұл өмірде 65 бір-ақ рет болады» деп аталатын кеште әнші барлық жанкүйерлері білетін және сүйетін туындыларын орындады. ISS DOME-да Дюссельдорфтағы кең ауқымдағы концертке мерейтой иесінен бөлек, әлем елдеріне танымал, көрнекті әртістер қатысты. Олардың қатарында Ирина Аллегрова, Филипп Киркоров, Ани Лорак, Николай Басков, Ангелика Варум, A`Studio тобы және қазақстандық жұлдыз Димаш Құдайберген бар. Игорь Крутоймен бірге ән шырқаған Димаш Құдайбергенді көпшілік ыстық ықыласпен қарсы алды. Көрермендер жерлесімізге орындарынан тік тұрып қол шапалақтады. Үлкен сахнада сөз сөйлеген Игорь Крутой «Мен Димаштың кешінде отырғандай күйде тұрмын», деп қалжыңдады.
2025 жылдың 4 шілдесінде Димаш Құдайберген Вьетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласы келді. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың...
Испаниялық журналист және Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсиа Галисиядағы ең көп таралатын күнделікті газетте қазақстандық әншінің сұхбатын төмендегіше ұсынады:
«Бүкіл әлемді...
2025 жылғы 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоканалы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубының қызметіне...
Димаш Құдайберген екі жыл қатарынан қазылар алқасының мүшесі болған «Virtuosos» жас музыканттар байқауының көрнекті қатысушыларының камералық оркестрі Димаштың «Өмір»...
21 маусымда Қытайда 27th Shanghai International Film Festival (27-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінің) жабылу салтанаты өтті. https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=-jNQcsFYk9Y&fbclid=PAQ0xDSwLGHNxleHRuA2FlbQIxMAABp3TvfUOSPoqFJvZEz-WNKpD8-pm5KWjblslkTOyytTJzKrKCA9z10E1as0-E_aem_TIaXtkG49OXCDZHcpOSf2w Шарада Қазақстанның халық әртісі Димаш...