Басты бет Dimash World Малайзиялық БАҚ Димаштың концерті туралы жазуда

Малайзиялық БАҚ Димаштың концерті туралы жазуда

24 маусым күні Куала-Лумпурда өткен Димаш Құдайбергеннің «Stranger» атты жеке концерті малайзиялық БАҚ-та үлкен қолдауға ие болды. Концертке арналған мақалалар 8 газетте жарияланып, 25-тен астам интернет басылымдарында жарық көрді. Телеарналар мен радиостанциялар жаңалықтарда қазақстандық өнерпаздың шоуы туралы сюжеттер ұсынды.

Малайзиялық БАҚ басылымдарда концертке келген көпұлтты аудиторияны, әртістің әртүрлі тілдердегі репертуарын, Димаш пен оның командасы ұсынған ұлттық нақышты, сондай-ақ бүкіл концерт кезінде әртіс пен көрермен арасындағы тамаша өзара қарым-қатынасты атап өтті.

Димаштың концертін 25 Media, RTM, News Strait Times, Oriental Daily, 8TV, Harian Metro, News Strait Times, Berita Harian, MStar, Utusan TV, Murai.MY, Media Permata, KpopMalaysian, Maestro, Media MY және т.б. малайзиялық атақты интернет порталдар жазды.

8 газет: News Strait Times, Berita Harian, Harian Metro, MStar, Oriental Daily, Sin Chew Daily, China Press, Utusan

3 арна: National TV1 (RTM National TV: Malay) TV2 (RTM National TV: Mandarin), 8TV (Astro).

Сондай-ақ танымал Melody FM радиостанциясы.

Бірқатар басылымдарда қазақ музыкантына тарихи деректер мен Қазақстан мәдениетіне баса назар аударылған егжей-тегжейлі мақалалар арналды:

Димаш Құдайбергеннің концерті сағат 20:45-те Букит Жалилдегі Axiata Arena-да басталып, әртіс Алтын Адаманың қызылды-алтын костюмін киіп, өзінің танымал «Golden» және «Жалын» әндерін орындады.
Алтын адам – Қазақстанның ұлттық символы. Ол бесінші ғасырда өмір сүрген жауынгер, ол жануарлардың оюлары бар 4000 дана алтын тақталардан жасалған қызыл кестелі сауытпен көмілген.