Басты бет Dimash World Димаштың «Together» бейнебаяны Чехияда рекорд жаңартты

Димаштың «Together» бейнебаяны Чехияда рекорд жаңартты

Чех музыкалық телеарнасы OCKO.TV Димаш пен Әбілмансұр Құдайбергеннің «Together» бейнебаянын ТОП-20 үздік музыкалық бейнелердің дауыс беру тізіміне енгізді. Бесінші апта қатарынан клип бірінші орында.

Чехиядағы алғашқы «ÓČKO» музыкалық телеарнасы 2002 жылдың 1 қазанында эфирге шыға бастады. Телебағдарламаның негізгі бөлігін отандық және шетелдік орындаушылардың бейнеклиптері құрайды. Сондай-ақ, арна эфирінде концерттер мен ән чарттары көрсетіледі.

Димаш алғаш рет Чехия телеарнасында 2021 жылдың 10 ақпанында өзінің «Golden» музыкалық бейнебаянымен таныстырылды.