Басты бет Әлем Мәдениет Шерхан Арыстан Витебскідегі «Славян базары» балалар Гран-приін жеңіп алды

Шерхан Арыстан Витебскідегі «Славян базары» балалар Гран-приін жеңіп алды

2023 жылғы 14 шілдеде Baqytty Bala-2022 байқауының финалисті Шерхан Арыстан «Славян базары» аясында өтіп жатқан «Витебск» XXI Халықаралық Балалар музыкалық байқауының Гран-при иегері атанды. Димаш Құдайберген жас орындаушыны лайықты жеңісімен құттықтайды.

Жас қазақстандық орындаушыға марапатты Беларусь Президенті Александр Лукашенко «Витебскідегі Славян базары» XXXII Халықаралық өнер фестивалінің ашылу салтанатында табыс етті.

Байқау қазылар алқасы Шерхан Арыстанның өнерін жоғары бағалап, екі күнде де 70 балдан ең жоғары баға қойды. Осылайша жас вокалист барлық қарсыластарын жеңіп, 140 ұпай жинады. Бірінші күні ол Андреа Бочелли, Дэвид Фостер және Эми Фостердің Ama, Credi e vai композициясын орындады.

Димаш Құдайберген Шерхан Арыстанды лайықты жеңісімен құттықтады:

«Халықаралық конкурстарға қатысу-сіздің шығармашылығыңыз үшін ғана емес, сіз таныстырып жатқан ел үшін де үлкен жауапкершілік. Беларусьте өткен «Славян базары» фестивалінде қазақстандық жас музыкант Шерхан Арыстанның жеңісіне өте қуаныштымын. Арыстан, тек алға, бағындырар белестерің көп болсын. Жаңа жеңістерге жете бер!».