Басты бет Әлем Мексикалық Dears Қазақстанға танымал саяхатшыны қарсы алды

Мексикалық Dears Қазақстанға танымал саяхатшыны қарсы алды

Мексика – велосипедші Талғат Жұмабековтің Қазақстан туымен келген 42-ші елі. Ол жақта велосипедші Dears-пен кездесіп, Қазақстанның мәдениеті мен Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы туралы әңгіме өрбітті.

Қазақстандық медиакеңістікте велосипедші Талғат Жұмабековтің 2015 жылдан бері Алматы қаласынан бастау алып, алғашқы саяхатына аттанғаны белгілі. Содан кейін Талғат алғашқы велотурын Мысырда аяқтап, 5 елді бағындырған болатын.

Қазіргі уақытта велосипедші әлем бойынша бесінші саяхатын тәмамдайды. Оның жүріп өткен бағыты Аляска арқылы Канада мен АҚШ жерлері. Содан кейін Талғат Жұмабеков Мексикаға келіп, Димаштың жергілікті жанкүйерлерімен кездесті.

Велосипедшінің айтуынша, Оңтүстік Америкалық Dears қазақстандық орындаушының шығармашылығын жақсы көреді, тіпті оның ана тілін де үйрену үстінде.

«Жергілікті жастардың біздің орындаушының шығармашылығымен етене таныс екеніне көзім жетті. Бұл жерде Димаштың өз жанкүйерлері бар, олармен кездескеніме өте қуаныштымын. Тіпті бір мексикалық сайт Димаш Құдайбергеннің жерлесі, яғни менің Мексиканы аралайтыным туралы жаңалықты да жариялады», – деп бөлісті Талғат.

Димаштың Мексикадағы Dimash Kudaibergen Dears México Фан-клубы ең ірі клубтардың бірі болып табылады. Оның Фейсбуктегі белсенді қолданушыларының саны 23 мың адамға жетеді, олар өз елінде әншінің шығармашылығын насихаттау үшін көп жұмыс істеу үстінде.

Мексика туралы айта келе, велосипедші жергілікті табиғи ландшафттар Қазақстанның далалары мен төбелерін, ал мексикалық ауылдар – қазақ ауылдарына қатты ұқсайтынын және есіне түсіретінін айтып өтті. Сондай-ақ, Талғатқа мексикалықтардың қонақжайлылығы мен достығы қатты ұнада, бұл да оған өзінің салт-дәстүрін еске салды.