ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Музыка арқылы ашылған мәдени көпір: Димаштың жапондық жанкүйерлерінің кездесуі

Музыка арқылы ашылған мәдени көпір: Димаштың жапондық жанкүйерлерінің кездесуі

Dears Музыка арқылы ашылған мәдени көпір: Димаштың жапондық жанкүйерлерінің кездесуі

Музыка арқылы ашылған мәдени көпір: Димаштың жапондық жанкүйерлерінің кездесуі

22 ақпанда Димаштың Жапониядағы фан-клубы Қазақстан елшілігінің өкілдерімен кездесу өткізді. Димаштың Күншығыс елімен бұрыннан шығармашылық қарым-қатынасы бар. Тиісінше, жапондық фан-клуб қазақстандық әншіні ұзақ жылдар бойы бірауыздан қолдап келеді.

Шараға Қазақстанның Жапониядағы Елшілігінен құрметті қонақтар Әнуарбек Қарашев пен Айдос Дәркенов, сондай-ақ Қазақстанның Токиодағы Елшілігін құруға зор үлес қосқан жапондық Акао Сатоши қатысты.

Димаш 2019 жылы Токиода өткен ABU TV SONG FESTIVAL фестиваліне «S.O.S D’un Terrien En Détresse» әнімен қатысқан болатын. Келесі жылы бұл туынды қазақтың халық әні «Самалтау» әнімен бірге «Tokyo Jazz» фестивалінде орындалды.

2021 жылы Tokyo Jazz және ABU TV SONG фестивалінде Димаш жапон тілінде «Ikanaide» композициясымен шықты. Оның бұл туындысы көрермендердің, кәсіби музыканттар мен лириктердің көптеген қызу пікірлерін тудырды. Осы ретте жапондық фан-клубының Dears-ы танымал жапондық лирик, «Ikanaide» мәтінінің авторы Горо Мацуидің сұхбатын ұсынды.

2020 жылы Димаштың Dimash Japan Fan Club жанкүйерлері Флавьен Компаньонмен және Уолтер Афанасьевпен тікелей эфирде «Love’s Not Over Yet» әні туралы сұхбаттасты.

«Димаш – ғажайып жаратылыс. Ол жәй адамның періште-музыкалық туындысы! Оның таланты, вокалдық қабілеті, дауысы арқылы музыкаға деген сүйіспеншілігі – мен бұрын-соңды мұндайды көрген емеспін. Жаңа музыка жазу керек болса, біз оны жазамыз. Бірақ бәрі де өз уақытында болғаны дұрыс», – деп жауап берді композитор 2020 жылы жапон фан-клубының жанкүйерлеріне.

Енді, міне, уақыт келді – 7 наурызда барлық музыкалық платформаларда жаңа ән жарық көреді. Ал, Димаштың YouTube арнасында «Love’s Not Over Yet» бейнебаянының тұсауы кесіледі.

LOVE’S NOT OVER YET PRE-SAVE

Алдыңғы кездесуге оралсақ, бұл Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын талқылау ғана емес, нағыз мәдени алмасу болды. Қатысушылар Жапония мен Қазақстан арасындағы ұқсастықтарды талқылап, екі елдің мәдениеті мен тілі туралы білетін дүниелерін ортаға салды. Кештің атмосферасы ерекше болды.

Жапон фан-клубының «Қазақстан және Димаш» тақырыбында дайындаған бейнеролигін бірлесіп көру әсерлі сәт болды. Қазақстан Елшілігінің өкілдері видеодан кейін басқаша көңіл-күйге бөленді.

«Димаштың арқасында, оның әндері арқылы біз Жапония мен Қазақстанды біріктіретін байланыс пен күшті рухани жақындықты сезіндік», – деп бөлісті жапон фан-клубынан Dears.

Соңғы жаңалықтар

Мадридте Димаштың Love’s not over yet жаңа әнінің құрметіне билборд орнатылды

Наурыздың 18-і күні Мадридте, халық көп жүретін Legazpi метро станцияларының бірінде Димаш Құдайбергеннің Love’s not over yet жаңа әні...

Димаштың перулық жанкүйерлері әншінің «Love’s Not Over Yet» бейнебаянының премьерасына арнап билборд ұйымдастырды

Перудің Лима қаласында Димаштың жанкүйерлері оның “Love's Not Over yet” жаңа әнінің премьерасын атап өтті. Мерекенің басты шарасы композицияға...

«Құрақтың құдіреті»: әлем әйелдерін шабыттандырған қолөнерші Аселина Батырдың хикаясы

Аселина Батыр құрақ көрпе жасайтын қолөнерші ғана емес, ол рух пен күрестің және қайта жаңғырудың символы. Аурудың азабын бастан...

Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концерті – билеттердің ерте сатылымына тіркелу басталды

Құрметті достар! Бүгін, 14 наурызда Димаш Құдайбергеннің Лондондағы жеке концертіне билеттерді ертерек сатып алуға тіркелу басталды. Билеттерді алдын ала сатып...

Димаш Құдайбергеннің Лондонда өтетін ‘STRANGER’ жеке концерті

"ДимашАли" шығармашылық орталығы Димаш Құдайбергеннің жаңа концертін жариялайды. 2025 жылы 12 қарашада Лондондағы OVO ARENA WEMBLEY-де «STRANGER» шоуы өтеді. Димаш өзінің...