Ригадағы концерт: Димаш көрермендерінің жүрегін тағы бір мәрте жаулап алды

1369

Димаш Құдайберген Латвиядағы алғашқы әнін айтты. Ригаға әлемнің түкпір-түкпірінен әншінің мыңдаған жанкүйері нағыз керемет шоуды тамашалау келді.

«Рига Арена» үлкен стадионы көрерменге толы болды. Жанды дауыс, ерекше эффектілер, содан соң, әрине Димаштың әсерлі дауысы. Мұны мыңдаған жанкүйер күтті. Олар сүйікті әртісінің Латвия астанасындағы концертіне келді. Алғашқы минуттардан, алғашқы нөмірлерден бастап-ақ көрермендер тапжылмай тамашалады… Энергия, харизматика және керемет диапазон – Димаш кезекті рет көрермендердің жүрегін жаулады. Көпшілік өзгеше күйге бөленді.

Ширли, Димаштың жанкүйері (АҚШ):

– Бұл керемет! Бұл керемет концерт! Айтпақшы, бұл менің алтыншы концертке куә болуым. Мен оны қатты жақсы көремін, сондықтан да Димаштың концерттерін жіберіп алмауға тырысамын. Оның музыкасы бәрінен бөлек.

Алана, жанкүйер (Ұлыбритания):

– Димаш, мен сені жақсы көремін! Сіз бұған лайықсыз! Бұл Димаштың концертіне бірінші рет қатысуым емес. Үш жылдан бері мен оны тыңдап жүрмін. Мен оның барлық әндерін жақсы көремін. Маған қайсысы ұнайтынын айту қиын. «SOS», «Дайдау», «Любовь уставших лебедей». Бұл әндер хитке айналды, Димаш жалғыз емес, өз жанкүйерлерімен бірге ән салды. Таңқаларлығы, көптеген еуропалық жанкүйерлер Димаштың барлық әндерін жатқа біледі, қытай және қазақ тілдерінде еркін айтады.

Анна, жанкүйер (Беларусь):

– Барлық әндер тек қазақ тілінде ғана емес, қытай, итальян тілдерінде де орындалады!

Анастасия, жанкүйер (Беларусь):

– Біз Димашты өте жақсы көреміз. Біз оның Қазақстандағы алғашқы концерті үшін бардық, қазақ халқының қонақжайлығы бізді таңғалдырды және біз жер бетінде осындай елдің болғанына қуаныштымыз.

Шолпан Найманбаева, тілші:

– Шоу қызу жүріп жатыр. Димаш, әдеттегідей, көрермендерге ұмытылмас эмоциялар сыйлады. Көрермендер қуанышында шек жоқ. Димаштың Еуропадағы концертін көптеген жылдар бойы күттік. Міне, ол болып жатыр. Бұл өте керемет! Көрермендер өздерінің эмоцияларына ерік беруде.

Димаш әлем халықтарын ғана емес, сонымен бірге бүкіл құрлықты біріктіреді. Оның Ригадағы концертіне әлемнің түкпір-түкпірінен жанкүйерлер келді. Мұнда тек Еуропадан емес, АҚШ, Сингапур, тіпті Жаңа Зеландиядан келген жанкүйерлер бар. Олар өздерін бір отбасымыз деп әзілдейді. Олар бірде-бір концертті жіберіп алмауға тырысады, оларға қашықтық мүлдем кедергі емес.

Димаштың жанкүйері (Жаңа Зеландия):

– Мен төрт трансфермен 37 сағат ұштым. Димашты тыңдау үшін бұл қиын болды деп айта алмаймын. Ол керемет! Оның керемет дауысы бар және көптеген эмоциялар тудырады, мен оны тыңдағанда, көз жасымды ұстай алмаймын! Ол үшін әлемнің түкпір-түкпірінен адамдар келді. Ол бәріміздің басымызды қосты. Айтпақшы, мен өмірімде бірінші рет әншінің шығармашылығын жіті қадағалап отырамын.

Соңғы композиция залды дүрліктірді. Көрермендер бұдан кейін өз орындарында отыра алмай, сахнаға қарай жүгіре жөнелді. Гүлдер мен сыйлықтар көл-көсір болды. Жанкүйерлер Димашты сахнадан жібергілері келмеді. Оның да кеткісі жоқ.

Алайда, ұшақ күтіп тұр. Үлкен тур жалғасуда. Алда Мәскеу, Киев, Минск және Прагадағы концерттер бар.

24.kz