ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы...

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

Dimash World Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның атқарушы продюсері Димаш Құдайберген қатысушыларға арнайы дуэттік концерт дайындауға арналған жаңа шығармашылық тапсырма берді.

Ұйымдастырушылардың идеясына сәйкес, ортақ музыкалық үйлесімділіктің қалыптасуына Каспий теңізінің көгілдір айдыны мен шексіз шөл кеңістігінің әсері ықпал етуі тиіс еді. Осы мақсатта музыкалық сарапшы Ли Юйгань жас музыканттарға шығармашылық ізденіс барысында «тау» немесе «теңіздің» бірін таңдауды ұсынды.

Сегіз қатысушы екі топқа бөлінді. Бірінші топ қалалық мәдени кеңістікке назар аударып, халықаралық порттың серпінді атмосферасынан бастап жағалаудағы күн батуының көркем көрінісіне дейінгі әсерлерді қамтитын «Каспий теңізіндегі шамдар хикаясы» атты бағдарлама бойынша саяхат жасады. Ал екінші топ «Каньон мен жел диалогы» атты экскурсия аясында түрлі-түсті жартастар әлемінің табиғи үйлесімін зерттеуге бағыт алды.

Алғашқы топ өз зерттеуін Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінен бастады. Тарихи деректерді сақтаушы бұл мәдени мекеме Ақтау қаласының қалыптасуы мен даму кезеңдерін таныстырды. Қазақстандық қатысушы Нұржас Садырбаев шетелдік әріптестеріне қазақ халқының дәстүрлі баспанасы – киіз үйдің құрылымы мен мағынасы жөнінде баяндап берді. Ол шаңырақтың мәнін, шашақ баудың мағынасын түсіндіріп, қазақ халқының тұрмыстық даналығы мен дүниетанымдық ұстанымдары туралы ой бөлісті.

Музейдің археологиялық экспозициясында қазақ және қытай мәдениеттерінің тарихи байланыстарын айғақтайтын жәдігерлер де ұсынылды. Соның ішінде Ұлы Жібек жолы кезеңінен қалған, Каспий жағалауынан табылған қытай фарфорының сынықтары мәдениеттің үнсіз куәсіндей әсер қалдырды.

Сапардың келесі кезеңінде команда Ақтау теңізі портына барып, Қытай, Қазақстан және Еуропа мемлекеттері арасындағы көлік жобалары туралы мәлімет алды. Бұл бастамалар Транскаспий халықаралық көлік дәлізін қазіргі заманның маңызды логистикалық бағытына айналдырғаны атап өтілді.

Соңында қатысушылар көкжиекке баяу сіңіп бара жатқан күн сәулесі теңіз айдынымен астасып, ерекше романтикалық атмосфера қалыптастырған Каспий теңізінің шығыс жағалауында күннің батуын тамашалады.

Екінші топ шығармашылық шабытты Боқты тауынан іздеді. «Түйенің өркеші» деп аталатын бұл ерекше табиғи нысан Қазақстанның мың теңгелік банкнотында бейнеленген. Миллиардтаған жылдар бойы қалыптасқан геологиялық қабаттар әртүрлі түстер мен құрылымдар арқылы жер тарихының күрделі эволюциясын көрсетеді. Зерттеулерге сәйкес, шамамен екі жүз миллион жыл бұрын бұл аумақ теңіз түбі болғандығын көрсетеді.

Келесі бағыт – Қызылқұп шатқалы. Туристер арасында «Маңғыстаудың Тирамисуы» деген атаумен танымал бұл жерде темірге бай қызыл қабаттар мен ақ әктас жолақтары жердің жылдар бойы жиналған сақиналары секілді көрініс береді. Мұндай ерекше табиғи пішіндер саяхатшыларға өзге планетада жүргендей әсер сыйлайды.

Қатысушыларды ерекше әсерге бөлеген мекен – Бозжыра шатқалы. Мұнда алып тас кемені елестететін жартастар құрғап қалған ежелгі теңіз табанында тұрғандай әсер қалдырады. Жоба қатысушылары бұл жердің тылсым тыныштығын сезініп, желдің үнін тыңдай отырып, адам өмірінің өткіншілігі мен тұрмыстық мәселелердің салыстырмалы маңызын терең түсінуге мүмкіндік алғандарын айтты.

Сапардан оралғаннан кейін табиғат пен музыка арасындағы үйлесімді терең сезінген қатысушылар жаңа музыкалық нөмірлерін дайындауға кірісті. Ортақ сапардан қалған әсерлер олардың шығармашылық жұмысына ерекше ритм мен эмоциялық мазмұн берді.

Бағдарламаның екінші бөлігінде жас вокалистер продюсер Димаш Құдайбергеннің жетекшілігімен түрлі музыкалық дәстүрлерді синтездеу бағытында жұмыс істеді: халық әні мен бельканто техникасын, ритм-энд-блюз бен қытайлық гофэн стилін, сондай-ақ әртүрлі халықтардың дәстүрлі әндерін біріктірді. Олар орындау барысында пікір алмасып, шығармашылық талқылаулар жүргізіп, әрбір дыбыс пен сахналық қимылды жетілдіруге ұмтылды.

Келесі шығарылымда қатысушылар Каспий теңізі жағалауындағы сахнада өз дуэттерін орындап, бірлескен шығармашылық ізденістің нәтижесінде қалыптасқан музыкалық үйлесімділікті көрсетеді. Сонымен қатар жобаның продюсері Димаш Құдайберген өзінің композиторлық туындысын орындап, көрермендерге арнайы шеберлік сабағын өткізеді. Ән Мансұр Құдайбергеннің сүйемелдеуімен орындалады.

Соңғы жаңалықтар

Теңіз, каньондар және музыка: Маңғыстау “Voice Beyond Horizon” жобасы қатысушыларының көзімен

5 наурыз күні Voice Beyond Horizon шоуының бесінші шығарылымы Hunan TV мен Mango TV телеарналарында көрсетілді. Бағдарлама барысында жобаның...

Чилида өткен Вальдивия апталығы аясында Димаш Құдайбергеннің әндері орындалды

Чилий қаласында өткен Вальдивия апталығы аясында әнші Димаш Құдайберген шығармашылығына арналған мәдени акция ұйымдастырылды. Аталған іс-шара қаланың негізі қаланған...

“Қазақстан – хит әндердің отаны әрі мәдени туризмнің магниті”: әлемдік ақпарат кеңістігінде Voice Beyond Horizon шоуы туралы пікірлер

Димаш Құдайбергеннің он екі бөлімнің төртеуін эфирге шығарып үлгерген «Voice Beyond Horizon» шоуы - ірі халықаралық телеарналар мен әлеуметтік...

Түркістаннан шаһарынан алған әсер әнге жалғасты – Димаш Құдайберген «Voice Beyond Horizon» жобасының үшінші эпизодын ұсынды

19 ақпанда Hunan TV және Mango TV платформаларында Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-жобасына қатысушылардың орындауындағы әндер қайтадан...

«Димаш: бір дауыс – мың ел» – Алматы қаласында халық музыкалық аспаптары көрмесінің ашылуы өтті

2026 жылы 18 ақпанда Қазақстан Республикасы, Алматы қаласындағы Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде «Димаш: бір дауыс – мың...