ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World «Voice Beyond Horizon» жобасында «Living For The Game»: Димаш...

«Voice Beyond Horizon» жобасында «Living For The Game»: Димаш Құдайберген әнінің премьерасы, қолайсыз ауа райымен күрес және жаңа фавориттер

Dimash World «Voice Beyond Horizon» жобасында «Living For The Game»: Димаш Құдайберген әнінің премьерасы,...

«Voice Beyond Horizon» жобасында «Living For The Game»: Димаш Құдайберген әнінің премьерасы, қолайсыз ауа райымен күрес және жаңа фавориттер

2 сәуір күні Алматы қаласында «Voice Beyond Horizon» шоуының кезекті шығарылымы өтті. Жаңа эпизодты дайындау үдерісі оңай болған жоқ – нөсерлі жаңбыр қатысушылардың жоспарына елеулі ықпал етті. Соған қарамастан, байқауға қатысушылар кәсіби жауапкершілік танытып, ауа райының қолайсыздығына мойымай дайындық жұмыстарын табандылықпен жалғастырды. Нәтижесінде табиғат тосқауылы тиылып, вокалистерге ашық аспан астында өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік туды.

Концерттің ашылуында жобаның атқарушы продюсері Димаш Құдайберген арнайы осы жобаға арнап жазылған «Living for the game» атты авторлық әнінің тұсауын кесті. Аталған шығарма алғаш рет Алматыда, шоу жазбасы барысында орындалды.

Байқау бағдарламасын алғашқы болып малайзиялық әнші Джерил Ли «请随意盛开» («Еркін гүлде») әнімен бастады.

Қатысушы бұл туындыны таңдау себебін Қайыңды көліне жасаған сапарымен төмендегіше байланыстырды: су астындағы ағаштардың гүлге ұқсас көрінісі оған ерекше әсер қалдырып, қай жерде болса да еркін дамуға болатыны туралы ойға жетелеген.

Джулия Фальконе «Lettre à mes parents» («Ата-анама хат») әні арқылы Италияда тұратын жақындарына деген сағынышын жеткізді. Алматыдағы алма фестивалі барысында ол өзге қатысушылардың қамқорлығын сезініп, отбасылық жылылықты бастан өткергенін атап өтті. Ән осылайша таңдалған екен.

Қытайлық орындаушы Цай Чэнъюй «热烈的少年» («Жалынды жас») әнінде өзі мен Алматыда танысқан жаңа танысының бейнесін салыстыра отырып жеткізді. Фольклор жинау барысында ол өмірге құштар, қонақжай гидпен танысқан соң, оның кәсібіне деген адалдығы мен шынайылығы әншіге ерекше шабыт берген екен.

Қырғызстандық әнші Нур Чолпон алма фестиваліне қатысу барысында түрлі музыкалық аспаптармен танысып, ерекше әсер алған. Әсіресе қытайдың гучжэн аспабы мен қазақ және қырғыз халықтарының жетіген аспабы арасындағы ұқсастық оның қызығушылығын оятқан. Осы әсерлер нәтижесінде ол «Көчмөн бийи» («Көшпенділер биі») композициясын таңдаған екен.

Сербиялық қатысушы Princ Алматы жерінде шынайы достықтың уақыт пен кеңістіктен асып түсетін құндылық екенін түсінгенін жеткізді. Осы әсердің ықпалымен ол «Turn on Silent» («Тыныштыққа ену») атты авторлық әнін орындап, сенім, түсіністік пен махаббат тақырыптарын қозғады.

Қытайлық әнші Чжан Синьюй «字正腔圆» («Таза сөз, әуезді үн») композициясын таңдауының себебін Алматыдағы алма фестивалінде қытай тілін үйреніп жүрген шетелдік жастардың ынтасы мен қызығушылығы әсер еткенімен байланыстырды.

Қазақстандық орындаушы Нұржас Садырбаев «Je t’aime» («Мен сені сүйемін») әнін орындау арқылы көрермендерге әсерлі әрі романтикалық көңіл күй сыйлады. Қайыңды көліне сапары барысында алған әсерлері оның шығармашылық таңдауының негізіне айналған.

Қытайлық әнші Ла Даньчжу Қазақстан жерінде музыканың халықтар арасындағы шекараны жойып, жүректерді біріктіретін күшке ие екенін атап өтті. Ол «乌兰巴托的夜» («Ұлан-Батыр түні») әнін таңдап, бұл туындының мазмұны өткенге деген сағыныш пен жарқын естеліктерді бейнелейтінін жеткізді. Сонымен қатар ол композитор Сянь Синхайдың бір кезеңде Ұлан-Батырда өмір сүріп, кейін Алматыға қоныс аударғанын атап өтіп, оның шығармашылығына құрмет білдірді.

Байқау нәтижелері қатысушылар арасындағы бәсекенің жоғары деңгейде өткенін көрсетті. Қорытынды бойынша үшінші орынды Ла Даньчжу иеленсе, екінші орын Нұржас Садырбаевқа бұйырды, ал тоғызыншы эпизодтың жеңімпазы — Нур Чолпон атанды.

Жоба ендігі кезекте Алматы қаласынан Қазақстанның елордасы — Астана қаласына жол тартады. Алдағы аптада сегіз қатысушы жаңа кезеңде өнер көрсетіп, заманауи технологиялар мен табиғи үйлесімділікті тоғыстырған мегаполистің мәдени кеңістігінде өз шеберліктерін сынайды.

Кездескенше, достар!

Соңғы жаңалықтар

«Voice Beyond Horizon» жобасында «Living For The Game»: Димаш Құдайберген әнінің премьерасы, қолайсыз ауа райымен күрес және жаңа фавориттер

2 сәуір күні Алматы қаласында «Voice Beyond Horizon» шоуының кезекті шығарылымы өтті. Жаңа эпизодты дайындау үдерісі оңай болған жоқ...

Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» музыкалық реалити-шоуы барлық интернет-платформаларда 1,5 миллиардтан астам қаралым жинады

Екі ай бойы Димаш Құдайбергеннің продюсерлік жобасы – «Voice Beyond Horizon» әлемді аралап, жас вокалистердің талантын ашып, Қазақстанның бірегей...

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы алғаш рет Коста-Рика радиосында

30 наурыз күні Коста-Рикада алғаш рет ұлттық радиоэфирде қазақстандық орындаушы Димаш Құдайбергеннің Screaming композициясы қойылды. Трансляция Extra Radio 92.3...

«Алма фестивалі», Арбат және Қайыңды көлі – Димаш Құдайбергеннің «Voice Beyond Horizon» шоуының қатысушылары Қазақстанда жаңа сапарда

«Voice Beyond Horizon» шоуының сегізінші эпизодында қатысушылар Алматыдағы алғашқы сахналарынан соң сәл тыныстап, Тянь-Шань баурайында орналасқан «Алмалар қаласында» фольклорлық...

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жанкүйерлері туралы мексикалық El Heraldo басылымында жарияланды

Мексикалық El Heraldo de Chihuahua газетінде қазақстандық әртіс Димаш Құдайбергеннің шығармашылығын насихаттау және Мексикадағы жанкүйерлерінің белсенділігіне арналған материал жарық...