ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Басты жаңалық «Жаңа толқын 2021»: байқаудың алғашқы күн қорытындысы

«Жаңа толқын 2021»: байқаудың алғашқы күн қорытындысы

Басты жаңалық «Жаңа толқын 2021»: байқаудың алғашқы күн қорытындысы

«Жаңа толқын 2021»: байқаудың алғашқы күн қорытындысы

21 тамызда Сочиде «Жаңа толқын-2021» халықаралық танымал жас әншілер байқауының бірінші туры өтті. Үздік үштіктің қатарында Армения, Қазақстан және Болгариядан келген орындаушылар бар.

Ресейдің оңтүстік астанасының New Wave Hall саябағындағы жарқыраған байқау шамдары кеш қонақтарының назарын аударып, ерекше әсер берді. Сондай-ақ шара қатысушылары мен көрермендерді керемет әуезді әуендер үні қалықтатты.

Әлемнің 9 елінен 11 қатысушы байқаудың финалына шықты. Ресей, Беларусь және Қазақстанның үш музыкалық тобы. Сонымен қатар Ресей, Испания, Грузия, Австралия, Болгария, Италия және Армениядан сегіз жеке орындаушылары сайысқа түсті.

Байқаудың қазылар алқасына бірнеше елдің танымал музыканттары шақыртылған. Олар Игорь Крутой, Филипп Киркоров, Светлана Лобода, Сергей Лазарев, Artik & Asti, Леонид Агутин, Дима Билан және Димаш Құдайберген. Мұның өзі фестивальдің халықаралық деңгейдегі сипатын көрсетеді.

Қызыл кілем үстіндегі сұқбатында Димашқа Қазылар алқасының құрамына енді ғана отырдыңыз, қобалжу бар ма? Конкурс қатысушыларын қандай талап бойынша бағалайсыз? деген сауалға:

«Мен Ресейде бірінші рет қазылар алқасының мүшелігіне кірдім. Бірақ басқа елдерде жұмыс жасаған тәжірибем бар. Бүгінгі байқаудағы менің критериім вокал мен актерлік шеберлікті ұштастыра білу. Қатысушылар жүректі бірден жаулап алуы керек».

Димаш сонымен қатар дұрыс таңдау табыстың алғашқы қадамы екенін атап өтті:

«Мен байқауларға қатысқан кезде, ешқашан ешкімнен кеңес сұраған емеспін,«I am a Singer» жобасында да, басқа да ірі халықаралық байқауларда өз репертуарымды таңдадым. Біреулер үшін шынымен көмек қажет, себебі әншінің барлығы музыкалық продюсер емес. Бірақ, мен әр әншінің лайықты музыкант болғанын қалаймын».

Қатысушылардың байқау бағдарламасына әлемнің ең әйгілі туындылары ғана кірді. Қатысушылар қосымша қойылымсыз New Wave залының ерекше атмосферасында ән салып,сахналық шеберліктерін сынға салады.

Қазақстандық қатысушылар, Mezzo тобы байқаудың бірінші айналымында әлемге әйгілі «Without you» композициясымен шықты. Квартет кәсіби әділқазылар алқасын ғана емес, сонымен қатар үйлесімді үнімен фестиваль көрермендерінің де көңілінен шыға білді.

Қазылар алқасы мүшелерінің ойлары мен шешімдері бір – біріне кереғар болған тұстар да бар. Бірі қолдағанды екіншісі ұнатпай жатты. Дегенмен кәсіби мамандар бағасының жалпы векторы бойынша үздік үштікке болгариялық Деница Караславова, қазақстандық «Mezzo» және армениялық әнші Saro енді. Олар максималды 90 ұпай жинап, кештің жеңімпазы атанды.

«Жаңа толқын-2021» халықаралық жас орындаушылар байқауының бірінші күнін 22 тамызда Россия 1 / Россия 1 HD телеарнасынан көріңіз (уақыттын телебағдарламадан нақтылап алсаңыз болады). Ал бүгін кешке жарыстың екінші кезеңі. Бұл сында қатысушылар өз елдерінің хит әндерін орындайтын болады.

Соңғы жаңалықтар

Димаш пен Бурак Йетердің «Weekend» әні неміс радиосының ТОП 100 әнінің қатарына енді

Димаш пен Бурак Йетердің «Weekend» әні Солтүстік Германиядағы ең танымал Radio Hamburg радиостанциясының ТОП 100 «Пасха хит марафонының 835...

Қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері: көру қабілеті нашар жандар үшін жаңа мүмкіндіктер

27 наурызда Астанада көру қабілеті нашар жандардың ақпаратқа қол жеткізуін жеңілдетуге арналған қазақ тіліндегі экран дикторының тұсаукесері өтті. Ш.Шаяхметов...

Димаштың «When I’ve got you» әні Чили мен Эквадор радиостанцияларында 1-орынға ие болды

25 наурызда Димаш Құдайбергеннің шығармасы Чили мен Эквадордың радио-парадтарында 1-ші орынды иеленді. Чилидегі Radio Hoy радиостанциясында «When I’ve got...

Латвияда Наурыз мейрамына арналған концерт өтті

«Қош келдің, Наурыз!» - деген тамаша атаумен алғашқы рет Балтық жағалауы елдері, оның ішінде Латвияда Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау...

«Dears әлемнің қай түкіпірінде болса да Қазақстандық бауырларына қамқорлық көрсетіп, көмек қолын созуға әрқашан дайын»

Димаш Құдайбергеннің Dears деп аталатын жанкүйерлері шын мәнінде бір-біріне жанашыр үлкен отбасы. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі Димаштың жанкүйерлері түрлі акциялар ұйымдастырып,...