ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайбергеннің Санкт-Петербургтегі концертіне әлемнің 30 елінен жанкүйерлер қатысты

Димаш Құдайбергеннің Санкт-Петербургтегі концертіне әлемнің 30 елінен жанкүйерлер қатысты

Қазақстандық әнші, композитор және мультиструменталист Димаш Құдайбергеннің алғашқы ірі концерті Ресейдің мәдени астанасында өтіп жатыр.

Қаладағы ең үлкен спорт және мәдени нысандардың бірі – Мұз сарайының сахнасында еліміздің эстрада жұлдызы 12 мыңнан астам тыңдарманына арнап сөз сөйледі. Танымал әнші өзінің репертуарындағы көптеген әйгілі хит шығармаларын, негізінен, қазақ тілінде орындады. Олардың ішінде көпшілікке белгілі «Дайдидайау, «Ұмытылмас күн», «Любовь уставших лебедей» сынды өзге де композициялар, авторлық туындылар бар.

Қазақстандық өнер иесінің есімі елімізде де, көптеген шет мемлекеттерде де кең танымал екені белгілі. Ал Димаштың Санкт-Петербургтегі концертіне 30-дан астам елден, оның ішінде Қазақстан, Ресей, Канада, Қытай, Беларусь, Венгрия, Польша, Финляндия, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания, Болгария, Чехия, Оңтүстік Корея, Эстония және басқа да республикалардан жанкүйерлері келді.
Осы күні музыканттың жанкүйерлері алдағы концертті қолдау мақсатында бірнеше флешмоб өткізді. Өнер кешінен бірнеше сағат бұрын жерлесіміздің ең адал жанкүйерлері бас қосып, Мұз сарайының сахнасынан Димаштың репертуарындағы сүйікті әндерін орындады.

Айта кетейік, Санкт-Петербургтегі бұл концерт әншінің ARNAU әлемдік гастрольдерінің бір бөлігі болып табылады. Енді ол Ресейдің Краснодар, Қазан және Екатеринбург сияқты өзге де қалаларына сапарлайтын болады.

Соңғы жаңалықтар

«Адам табиғатынан шабыттанамын»: Жан қалауымен дизайнер атанған Айнұр Тұрысбек

Ішкі және сыртқы әлемі бір-бірімен жоғары деңгейде үйлесім тапқан, әрбір жанның жүрек қылын тербеген қайталанбас өзіндік қолтаңбасы бар жаңашыл...

«Концертке барғым келеді, мені ештеңе тоқтата алмайды!»

Музыка құдіреті– абсолютті және шексіз. Ол жүректерді тебірентіп, армандарды орындайды, мақсат сыйлап, мейірімді ете түседі және өмір сүруге құштарлығыңды...

Димаштың Бразилиядағы фанаттары Абайдың қара сөздерін португал тіліне аударды

Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының «Қара сөздері» португал тілінде жарық көреді. Бұл туралы DimashNews редакциясына Димаш Құдайбергеннің Бразилиядағы ең...

Бразилиялық басылымда Димаш жайлы мақалалар жарық көрді

Рио-де-Жанейроның танымал «Экстра» газетінде Димаш Құдайберген туралы материалдар жарық көре бастады. Авторы –әншінің жанкүйері, тілші Джулия Мария де Ассис....

Оқи отырыңыз
Сізге ұсынылған