Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығын тапсыру салтанатында қызыл кілеммен жүріп өтті. Үлкен сахнада жүргізуші Липаның сұрақтарына жан-жақты жауап берген Димаш өзі үшін көрермендердің сүйіспеншілігі маңызды екенін айтты. «Мен әрқашан өз тыңдармандарыма жоғары деңгейде өнер көрсетуге тырысамын. Егер мен қандайда бір жеңіске жетіп, марапатқа ие болсам, ол менің көрермендерімнің еңбегі деп білемін», деді әнші.
Димаш сонымен қатар оңашада қандай әндерді тыңдайтынын айтып берді. «Мен қазақтың халық әндерін тыңдаймын», деді ол. Еске салайық, Димаш Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығына бірнеше номинация бойынша үміткер ретінде қатысқан болатын. Жеңімпаздар бүгін, 5 желтоқсан күні Мәскеудегі Кремль сарайында өткен салтанатты рәсімде жарияланатын болады.
Айта кетейік, «Виктория» сыйлығы жыл соңында ең үздік музыканттарға, ақындарға, орындаушыларға, продюсерлерге, журналистерге, музыка сыншыларына және ірі медиахолдингтердің жетекшілеріне беріледі. 15 санат бойынша жеңімпаздардың есімдері Мемлекеттік Кремль сарайында өткен салтанатты рәсімде жарияланады.
Испаниялық журналист және Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсиа Галисиядағы ең көп таралатын күнделікті газетте қазақстандық әншінің сұхбатын төмендегіше ұсынады:
«Бүкіл әлемді...
2025 жылғы 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоканалы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубының қызметіне...
Димаш Құдайберген екі жыл қатарынан қазылар алқасының мүшесі болған «Virtuosos» жас музыканттар байқауының көрнекті қатысушыларының камералық оркестрі Димаштың «Өмір»...
21 маусымда Қытайда 27th Shanghai International Film Festival (27-ші Шанхай халықаралық кинофестивалінің) жабылу салтанаты өтті. https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=-jNQcsFYk9Y&fbclid=PAQ0xDSwLGHNxleHRuA2FlbQIxMAABp3TvfUOSPoqFJvZEz-WNKpD8-pm5KWjblslkTOyytTJzKrKCA9z10E1as0-E_aem_TIaXtkG49OXCDZHcpOSf2w Шарада Қазақстанның халық әртісі Димаш...