ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Димаш Құдайберген Сүйінші! Димаш Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығының тағы бір номинациясын...

Сүйінші! Димаш Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығының тағы бір номинациясын ұтып алды

Ресей, Мәскеу. Танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдің «Виктория» музыкалық сыйлығының «Классикалық музыкадағы жылдың вокалисті» номинациясын «Olimpico» әнімен ұтып алды, деп хабарлайды dimashnews.com сайты. Бүгін Мәскеудегі Мемлекеттік Кремль сарайының сахнасында сыйлық жеңімпаздарының есімдері жазылған арнайы конверттер салтанатты жағдайда ашылды. Олардың қатарында қазақстандық эстрада жұлдызы, әлем халықтарының сүйікті әншісі Димаш Құдайберген де бар. Танымал әнші Димаш Құдайберген «Классикалық музыкадағы жылдың вокалисті» номинациясы бойынша «Виктория» ұлттық музыкалық сыйлығына үміткерлердің бірі болатын. Бұл туралы әнші «Инстаграмдағы» ресми парақшасында жариялаған. Димаштың бұл номинациядағы қарсыластары да осал емес. Олар – қазіргі опера әншілері Ильдар Абдразаков, Аида Гарифуллина, Хибла Герцмава, Анна Нетребко және Ольга Перетятко. Айта кетерлігі, соңғы бірнеше жылда «Классикалық музыкадағы жылдың вокалисті» атағы ресейлік және австриялық опера жұлдызы Анна Нетребкоға берілген.

Айта кетейік, әр жылдың соңында «Виктория» сыйлығы аясында үздік музыканттар, орындаушылар, композиторлар, ақындар, продюсерлер, музыка сыншылары, журналистер және ірі медиа холдингтердің басшылары таңдалады. 15 санат бойынша жеңімпаздардың есімдері 5 желтоқсан күні Мемлекеттік Кремль сарайында өтетін марапаттау рәсімінде жарияланады.

© DimashNews.com - Сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз материалдарды көшіріп басуға болмайды!

Соңғы жаңалықтар

Музыкалық туризмнің табысы шаш-етектен

Музыканың жағымды легі құлақтан өтіп, жүрекке жетеді, сананы баурайды. Сондықтан ол жанды рахатқа бөлеп, өзгеше сиқырлы әлемге жетелей түседі....

Екатеринбург Димаштың әнімен тыныстады

23 ақпан күні Екатеринбург-Экспо концерт залы қошеметке толы шапалақ пен айғайға, қолдап, қолпаштаған көпшіліктің үніне толды. Бұл Димаш Құдайбергеннің...

Димаштың концерттеріне билеттерді қайдан алуға болады?

Құрметті Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері! НазарларыңызғаARNAU TOUR 2020 туры аясында Димаштың концерттері өтетін қалалар мен ареналардың толық тізімін ұсынамыз.   23 ақпан, 2020 Ресей...

Димаштың Қазандағы концерті қалай өтті?

20 ақпан күні Димаш Құдайберген «Арнау» туры аясында Татарстанның астанасы Қазан қаласына барды. Қазақстандық әншінің 10500 орындық «Татнефть» мұз...

Оқи отырыңыз
Сізге ұсынылған

© DimashNews.com - Сайт әкімшілігінің рұқсатынсыз материалдарды көшіріп басуға болмайды!