ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Әлем Абай романстарын алашқа таныту қажет

Абай романстарын алашқа таныту қажет

Әлем Абай романстарын алашқа таныту қажет

Абай романстарын алашқа таныту қажет

Қазақ ұлтының кемеңгер ақыны, ойшыл қаламгері Абай Құнанбайұлының өлеңдеріне жазылған романстар бар. Ал бұл жаңалық біреуге мәлім болғанымен, біреуге таңсық болуы мүмкін. Өйткені, музыкалық, шығармашылық ортада ғана белгілі ол шығармалар нотаға түсіріліп, Қазақстан Композиторлар одағында тіркелгенімен, осы күнге дейін үлкен сахналарда орындалмаған.

«Жарқ етпес қара көңілім» романсы «Абай жолы» шығармасындағы Абай мен Тоғжанның соңғы кездесуін көз алдымызға келтірді». Бұл – композитор Сыдық Мұхамеджановтың тырнақалды туындысына бұлбұл әнші Күләш Байсейітованың берген бағасы. Абайдың ішкі толғанысын дәлме-дәл суреттеген кең тынысты романс Ермек Серкебаевтың орындауымен музыка тарихынан ойып тұрып орын алған.

Десе де, ойшыл ақынның сыршыл сезімге толы лирикалық өлеңдеріне жазылған өзге де классикалық шығармалардың бар екенінен көпшілік бейхабар. Хакімнің өлеңіне жазылған белгілі композитор Әбілахат Еспаевтың «Мен сәлем жазамын…» романсын кәсіби музыканттар ғана білуі мүмкін. Нотасы түсірілген туындыны таза табиғи дауыста орындаған Абай атындағы опера және балет театрының солисі Болат Бөкенов: «Абайдың бұл романстары үлкен сахналарда орындалуы тиіс», деген пікірде.

Өкініштісі, осындай құнды дүниелер әзірге абайтанушылардың назарынан тыс қалып тұр. «Ұлы ақынның өлеңдерінде ән қандай болу қажеттігі жан-жақты жеткізілген. Ең басты айтатыны сол – Абайдың әні ойлы, есті болу керек. Яғни, Абайдың түсінігінде ән адамға ой салуы керек, ол терең мазмұнды болғаны жөн. Міне, осы орайда, егер Абай айтқан ән моделін, «құлақтан кіріп, бойды алатын» үздік ән үлгісін көбірек насихаттасақ, әрине біздің қоғамымыздың музыкаға деген көзқарасы басқаша болар ма еді?!», дейді Абайдың музыкасын зерттеуші Әлия Сабырова.

Енді композитор Мәкәлім Қойшыбаев жазған «Құйқылжыр көңіл құсы шартарапқа» атты Абайдың тағы бір романсына назар аударып көрелік. Бір қызығы, бұл шығарма туралы музыкатанушылар ешқандай тұщымды пікір білдірмеген. Ғаламторда да жарытымды мәлімет жоқ. Десе де, ақынның көбесі сөгілмеген мұраларының қатарын толықтырып тұрған бұл туынды ақынның 175 жылдық мерейтойында халқымен қауышса деген игі тілек бар кеудеде.

 

Соңғы жаңалықтар

Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» – Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой опера театрында эксклюзивті концерт берді

6 шілдеде Вьетнам астанасында Испания, Латвия және Қазақстанның үш вокалдық өнер шеберінің ерекше концерті өтті. Ho Guom операның екінші...

Димаш Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінде болды

Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды. Құрметті...

Димаш Ханойға “Хо Гом” театрының концерттік бағдарламасына қатысу келді

2025 жылдың 4 шілдесінде Димаш Құдайберген Вьетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласы келді. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың...

Димаш Құдайберген испандық «La Voz de Galicia» басылымына сұхбат берді

Испаниялық журналист және Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсиа Галисиядағы ең көп таралатын күнделікті газетте қазақстандық әншінің сұхбатын төмендегіше ұсынады: «Бүкіл әлемді...

Димаш пен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубына Вьетнамның танымал радиосы өзінің шығарылымын арнайды

2025 жылғы 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоканалы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубының қызметіне...