ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» - Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және...

Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» — Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой опера театрында эксклюзивті концерт берді

Dimash World Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» - Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой...

Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» — Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой опера театрында эксклюзивті концерт берді

6 шілдеде Вьетнам астанасында Испания, Латвия және Қазақстанның үш вокалдық өнер шеберінің ерекше концерті өтті. Ho Guom операның екінші туған күнінің басты кейіпкерлері француз-американдық дирижер Оливье Ошаниннің жетекшілігімен Вьетнам Sun Symphony Orchestra симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен Пласидо Доминго, Кристин Ополис және Димаш Құдайберген сынды әлемге әйгілі дауыс иелері өнер көрсетті.
Концерттің шымылдығын Димаш Құдайберген «SOS d’un terrien en détresse» композициясымен ашты.

Ерекше оқиғаға орай сахнада опера және романс жанрындағы классикалық туындылармен қатар, музыканың кең мүмкіндіктерін көрсететін кроссоверлер де қойылды. Джузеппе Верди, Джакомо Пуччини, Антонин Дворжак, Херонимо Хименес, Франц Легар және басқа авторлардың Пласидо Доминго мен Кристин Ополенің орындауындағы әйгілі классикалық шығармаларын көрермендер зор ынтамен қабылдады.

Неоклассиканың өкілі әрі музыкалық стильдер мен жанрлардың тамаша үйлестірушісі Димаш Құдайбергеннің орындауында француз, ағылшын, қытай және қазақ тілдеріндегі әндер шырқалды.

«SOS d’un terrien en détresse» (Michel Berger, Luc Plamondon) және «Autumn Strong» (Kōji Tamaki, Daryl Yao) сияқты классикалық стильдегі әндер, қазақстандық авторлардың «Give Me Love» лирикалық әндері (Айгүл Бажанова, Мұнайдар Баймолда) және «Angel Love» (Ринат Гайсин, Қалқаман Сарин, Lin Wei Weilim), сондай-ақ, «Weekend» би композициясы (Burak Yeter, Allan Eshuijs, Nino Lucarelli) Ho Guom операсының сахнасында орындалды.

Димаштың Қытайда өткен 27th Shanghai International Film фестивалінде алғаш рет орындаған «Hymne à l’amour» культтік әнін орындауы көрермендер үшін ерекше тосын сый болды.

Концерттің ерекше атап айтар тұсы және шараның шарықтау шегі — Пласидо Доминго, Кристин Ополис және Димаш Құдайбергеннің бірлесіп көрсеткен өнері болды. «O sole mio» — 1898 жылы Джованни Капурро мен Эдуардо ди Капуа жазған неаполитандық ән, көптеген тілдерге аударылған, ғаламның әр түкпірінде белгілі, қаншама ұрпақты бір сахнада біріктіретін «A Night with the Stars-дың» жарық жұлдызына айналды.

«Менің Ханойға алғаш рет келуім. Бұл сәттің мен үшін маңызды зор. Бүгін Ho Guom операсына келген қонақтың барлығына және барлық Вьетнамдық Dears-қа алғысым шексіз. Сіздердің қолдауларыңыз бен сүйіспеншіліктеріңіз маған ерекше күш береді. Жақын арада Вьетнамға қайта оралып, тағы да баршаңызға әндерімді шырқап беремін деп үміттенемін, менің қымбаттыларым», — деп Димаш өз әсерімен бөлісті.

GALLERY

Соңғы жаңалықтар

«Қолсыз өмір»: суретші Қаріпбек Күйіковтің өнердегі жолы, антиядролық қозғалыс және Димашпен кездесуі туралы

Қазақстанда кітап оқуды насихаттауға бағытталған республикалық «Кітап оқитын ұлт» марафоны басталды. 21 қыркүйекте Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында аталған...

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы...

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді. Channel R –...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер...