ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Dimash World Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің тарапынан әншінің шығармашылығына деген ерекше ықыластың арқасында жасалды.

Бастаманы Dimash&DearsRegiasMty фан-клубының мүшелері Мексиканың Dears por Dimash альянсының қолдауымен жүзеге асырды. Муралдың авторы — Antonio Art Mural шығармашылық есімімен танылған суретші Антонио.

Димаштың ауқымды бейнесі Монтеррей қаласының орталығындағы Francisco Javier Mina 1140, Centro мекенжайында орналасқан. Енді қала тұрғындары мен қонақтары мексикалық Dears қауымдастығының қазақстандық әншіге деген ықыласын бейнелейтін көркем туындыны тамашалай алады.

Жанкүйерлер қауымдастығы өкілдерінің айтуынша, муралдың олар үшін мәні айрықша. Сүйікті өнерпаздың портреті оның шығармашылығына деген шынайы ризашылықты әрі Мексика мен Қазақстан арасындағы мәдени байланысты білдіреді.

«Біздің пайымдауымызша, бұл көркем туындының мәні бейнелеу өнері арқылы құрмет білдірумен ғана шектелмейді. Ол — мексикалық жанкүйерлердің, әсіресе Монтеррейдегі Dears қауымдастығының сүйіспеншілігі мен зор ықыласының шынайы көрінісі. Біз Димаш пен оның Отаны — Қазақстан арқылы қалыптасқан, баршамызды біріктіретін өнер мен мәдениет байланысын айқындай түсуді көздейміз», — деп атап өтті Мексиканың Dears por Dimash альянсының өкілдері.

Муралдың салынуы Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясында 14 қарашада Монтеррейде өтетін концерті қарсаңында айрықша мәнге ие болып отыр.

Жанкүйерлер өздерінің шығармашылық сыйы екі ел арасындағы достықтың тағы бір нышанына айналып, Мексика тұрғындарын шығармашылығы дүние жүзіндегі тыңдармандарды біріктіретін қазақстандық әншімен жақынырақ таныстырады деп үміттенеді.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...