ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың ым-ишара тіліндегі әндері: Қарағандыдағы Димаштың фан-клубы ым-ишарамен ән...

Димаштың ым-ишара тіліндегі әндері: Қарағандыдағы Димаштың фан-клубы ым-ишарамен ән орындайтын жас әртіспен кездесу өткізді

Dears Димаштың ым-ишара тіліндегі әндері: Қарағандыдағы Димаштың фан-клубы ым-ишарамен ән орындайтын жас әртіспен...

Димаштың ым-ишара тіліндегі әндері: Қарағандыдағы Димаштың фан-клубы ым-ишарамен ән орындайтын жас әртіспен кездесу өткізді

Димаштың туған күніне орай «ДимашКарагандаРегион» фан-клубы ым-ишара тілінің талантты орындаушысы Ернұр Саменмен кездесу ұйымдастырды.
Dears Ернұрмен 2024 жылдың қарашасында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған шығармашылық байқаулардың бірінде танысқан еді. Ол Димаштың әнін ым-ишарамен орындап, көрермендерді ерекше тамсандырған болатын.

Ернұр – бала кезінен есту қабілеті нашар болғандықтан, ым-ишарамен ән айтумен айналысатын жас талантты жігіт. Жас кезінен бастап ол өз ұжымының солисі ретінде өнер көрсетіп, Болгария, Санкт-Петербург, Бакуде өткен республикалық және халықаралық байқауларға қатысып, көптеген жеңісті өз қоржынына салған болатын. Ол, сондай-ақ, Дельфий ойындарының алтын және күміс медальдарының иегері.

Бүгінде Ернұр өз жұмысын жалғастырып, Қарағанды қаласының есту қабілеті нашар кісілерге арналған мәдениет үйінде ым-ишара тілінде өнер көрсетуін жалғастыруда.

Dears-пен кездесуге «Стиль» ұжымының тұрақты басшысы және шараны ұйымдастыруда шешуші рөл атқарған Ернұрдың аудармашысы – Елена Литвишкова да қатысты.
Димаштың туған күні қарсаңында өткен іс-шара жылы шырайға толы атмосферада өтті. Кездесу соңында Ернұр Димаштың ең әсерлі әндерінің бірі – «Любовь уставших лебедей» әнін ым-ишарамен орындап, қатысушылар мен жанкүйерлердің жарқын эмоцияларының себепкері болды.

«ДимашКарағандаРегион» фан-клубы Ернұрға өзінің таланты, күш-жігері және шығармашылыққа деген шексіз махаббаты үшін ерекше ризашылығын білдіреді. Ернұрға шығармашылық табыстар, шабыт пен жарқын эмоцияға толы ерекше қойылымдардың көп болуын тілейміз. Ернұр сияқты әртістеріміздің арқасында Димаштың музыкасы барлығына дерлік қолжетімді және түсінікті болады деген үміттеміз», — деп бөлісті Dears.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...