ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Құрметті, Dears, біз cіздердің хикаяларыңызды күтеміз!

Құрметті, Dears, біз cіздердің хикаяларыңызды күтеміз!

Dears Құрметті, Dears, біз cіздердің хикаяларыңызды күтеміз!

Құрметті, Dears, біз cіздердің хикаяларыңызды күтеміз!

Құрметті оқырмандар!

Біздің ақпараттық-танымдық сайтымыздың оқырмандарының көпшілігі Димаш Құдайбергеннің шығармаларын сүйетіндер мен әншіге құрметпен қарайтындар екенін білеміз. Димаштың даусы бәрімізге ұнайды, енді біз Сіздердің де үндеріңізді естігіміз келеді. Сайт ұжымы оқырмандарының ішінде өнер, туризм тақырыптарын білетін және өзі тұратын елдің тарихы туралы өте мазмұнды әңгімелер айтатын адамдар бар деген сенімде. Сіздің еліңізде қалыптасқан мәдениеттің, әдебиеттің, руханияттың ерекшеліктерін көрсететін кез келген қызықты деректер болуы әбден мүмкін. Мәселен, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, халық ырымдары, жоралғылар, мерекелер және басқалар.
Айталық, біз жақында Димаштың құрметіне ағаш отырғызып, оны орманға айналдырып, жасыл алқапты «Димаш орманы» деп атағысы келетін түркиялық Dears туралы қуанышпен жазып, жарияладық. Бұл оқиға барысынан Димашқа деген ыстық ықыласты аңғарасыз, ағашқа деген құрметті, Түркияға деген құштарлықты байқайсыз. Біз ең жақсы оқиғалар арқылы бүкіл әлемге оқырмандарымыздың бірегейлігін, құрметті Dears-ты көрсеткіміз келеді!
Өздеріңіздің ең қызықты шығармаларыңызды, түсірілімдеріңізді, жазбаларыңызды өз тіліңізде жолдаңыздар. Біз қуанышпен қарсы алып, мейлінше жауап қатуға тырысамыз. Сүйікті әншіңізбен тығыз байланыс орнатуға септесеміз.
Сіз кез келген шығармаңызды «Менің әдемі туындым» деген айдармен редакцияның электронды мекен-жайына жібере аласыз: press@dimashnews.com. Сіздің фотосуреттеріңіз, сондай-ақ сипатталған оқиғалар орнындағы фотосуреттер қоса қабылданады. Назар аударыңыз, кері байланыс үшін деректер қалдыруды ұмытпаңыз – электрондық пошта мекенжайы немесе телефон нөмірі.
Біз ең қызықты оқиғаларды жаңалықтар сайтында жариялайтынымызға қуаныштымыз.

Сіздерге деген құрметпен, Редакция.

Соңғы жаңалықтар

Нью-Йоркте Димаштың Түркияда өтетін мерейтойлық концертіне арналған бейнеролик көрсетілді

Димаш Құдайбергенмен түскен жарнамалық роликтер Нью-Йорктің Таймс-скверіндегі ең үлкен және масштабты LED-экрандардың бірінде бірінші рет көрсетіліп тұрған жоқ. Бұған...

Жапондық Dears Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін теннистен Billie Jean King cup матчына қатысты

2024 жылдың 12 және 13 сәуірінде Димаштың жапондық жанкүйерлері Қазақстан құрамасына қолдау көрсету үшін Токиодағы теннис матчында кездесті. “Билли...

Әдебиеттің жаңа көкжиектерін ашқанда: жазушы Әлихан Жақсылықпен сұхбат

Әдебиет әлеміндегі қалыптасып қалған қағидалардан шығып, туындылары арқылы оқырман сезімі мен дүниетанымына әсер еткен шығармалар болған және бола да...

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...