Киевте Димаштың жанкүйерлерінің «кеші» өтті

280

Украина астанасындағы «Барвы» жайлы кафесінде бүгін жылы атмосфера мен шат күлкі орныққан. Димаштың әр концертінің алдында дәстүрге айналған мұндай «кешке» әлемнің әртүрлі елдерінен диарлар жиналады. DimashNews тілшісі бүгін осындай кешке қатысып, көпшіліктің қуанышына куә болды.

Астаналық кафеге Украина, Жаңа Зеландия, Грузия, АҚШ, Чехия, Израиль, Канада және басқа елдерден келген 70-тен астам жанкүйерлер жиналды. Олар бір-бірін бірінші рет көріп отырғанына қарамастан, өздерін бір отбасы сияқты сезінеді.

Киевтегі бұл «кешті» ұйымдастырушылар – Евгения Барсегян басқаратын Украинадағы Димаштың үлкен фан-клубы. Евгенияның айтуынша, фан-клуб пайда болғаннан бері олар әнші жайындағы әр постты Димаштың Украинаға келіп, концерт қоюы туралы армандайтын сөздермен аяқтады. Міне, олардың арманы орындалды. Сондықтан украиналық жанкүйерлер бұл күнді өмірлеріндегі ерекше сәт ретінде бағалайды.

Димаштың фан-клубы мүшелері бір-бірімен сыйлықтар алмасады.

Сондай-ақ, бұл басқосуға Шымкенттегі әншінің жанкүйерлері де келді. Олар украиналық фан-клубтың жетекшісі Евгения Барсегянға «Қазақстан» шоколады мен қазақтың әдемі камзолын тарту етті.

Мұндай рухани атмосфера жанкүйерлердің жүрегіне әсер еткені сөзсіз. Сондықтан да көпшілігі көздеріне жас алып, шынайы көңілдерін білдірді.

Осы басқосуға DQ сауда маркасының жетекшісі Дәулет Өмірқұлов та қатысты