ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Арнайы жоба Димаш «Чорнобривці» әнін орындап, украиналықтардың жүрегіне жол тапты

Димаш «Чорнобривці» әнін орындап, украиналықтардың жүрегіне жол тапты

Арнайы жоба Димаш «Чорнобривці» әнін орындап, украиналықтардың жүрегіне жол тапты

Димаш «Чорнобривці» әнін орындап, украиналықтардың жүрегіне жол тапты

Жарқын жүздер, көпшілік хор, сүйікті әншілерімен қосыла ән шырқау, ұрандар жазылған плакаттар мен түрлі елдердің жалаулары, тіпті біреулері қуаныштан көз жасына ерік берген. Украинаның астанасы Киев қаласындағы «Arnau Tour»-дың кезекті концертінде осындай көрініс.

Димаштың музыкалық кеші басталуда, ал көрермендер назары толық сахнада, олар алғашқы әнді асыға тосып отыр. Спорт сарайында бірде-бір орын жоқ, көрермендер лық толы. Олардың біреуі осындай кешке алғаш рет куә болып отырса, біреулері сүйікті әншісінің жанды дауысын тағы бір естуге келген.

Димаш сахнаға украин ұлттық костюмін киіп шығып, залдағы көпшіліктің назарын өзіне аударды. Алдымен украин тілінде қымбатты жанкүйерлерімен амандасқан ол көп күттірмей шоуды бастап кетті.

Әнші шара барысында көпшілікке бүгін ерекше жағдайды бастан өткергенін айтты. Киевтегі концерттің ол үшін шын мәнінде маңызы жоғары, өйткені Димаштың талантын осындағы әділқазылар да, тыңдаушылар да алғашқылардың қатарында мойындаған. 2012 жылы Украинада өткен «Шығыс базары» фестивальінде Димаш әйгілі әрі сүйікті «Дайдидау» әнін баршаға алғаш рет ұсынған болатын. Дәл осы телевизиялық конкурста ол өзінің тұңғыш үлкен жүлдесін жеңіп алған еді.

Бұл концерт Димаштың «Golden» атты жаңа әніне бейнебаян түсіріліп жатқандығымен ерекшеленеді. Бұл музыкалық шоудың ең жарқын және әсерлі үзінділері мен көрермендердің көңіл-күйлерін жинайтын тікелей эфирдегі клип болады.

Аталған картина концепциясының басты идеясы – Димаштың  қымбатты жанкүйерлерімен алтындай бағалы байланысы. Қойылым кезінде Димаштың да, оның тыңдармандарының да ғарыштық үнқатысуы болашақта көпшілікке жол тартатын «Golden» әнінің атауына толық сәйкес келеді.

Димаштың украин тілінде ән шырқағаны жанкүйерлер үшін керемет тосынсый және жағымды жаңалық болғанын да айтуға тиіспіз. Әнші әйгілі украиналық музыкант Володимир Верминич жазған өте әсерлі, көпке танымал «Чорнобривці» әнін орындады, ал оның сөзін аты аңызға айналған ақын Николай Сингаевский жазған.

«Чорнобривці» әні қай кезде орындалса да украиндар арасында ерекше сезім тудырды. Сондықтан да Димаш осы туындыны жоғары деңгейде орындап, концертке қатысқан әр тыңдарманның жүрегіне жол тапты деп білеміз.

Ән аяқталған кезде көрермендер ду қол шапалақтап, ыстық ықыластарын білдірді. Димаштың бұл  композициясы барлығының көңілінен шыққаны соншалық, олар көз жастарына ерік берді.

Димаштың анасы Светлана Айтбаева бұл концерттің шынымен ерекше болғанын айтады.

«Мен де жыладым, қуаныштан, толқығаннан, әрине! Сол сәтте бүкіл зал толы көрерменнің жылап тұрғанын көрдім! «Чорнобривці» әні бүгінгі қонақтардың барлығының жүрегі мен сезіміне әсер етті. Украинаға осылай жылы қабылдап, қошемет көрсеткені үшін аналық пейіліммен алғысымды білдіремін», деді ол.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың «When I’ve Got You» әні Польшадағы радиостанциялар хит-парадында көш бастады

13 сәуірде Димаштың «When I’ve Got You» композициясы поляк радиосының TIP TOP – Radio Nowy Świat Hit Charts бағдарламасының...

Димаш Джеки Чанның жаңа фильмінің саунтрегін орындайды

Танымал режиссер Джеки Чанмен ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан америкалық композитор, актер әрі продюсер Натан Ванг қазақстандық...

Фан-клуб тауарларын жасау және сату бойынша ұсыныстар

Димаш Dears-тың ерекше қолдауларына алғыс білдіре отырып, Dears фан-клубтары мен топтарын жарнамалайтын футболка және басқа да тауарлар жасап шығару...

Димаштың «When I’ve Got You» әні алғаш рет АҚШ-тың радиосында орындалды

Сәуірдің 6-сы күні американдық Channel Radio R радиосында Димаш Құдайбергеннің «When I've Got You» әні алғаш рет шырқалды. Бұл...

Dears Стамбулда Димаш Құдайбергеннің мерейтойлық концертіне дайындалып жатыр

24 мамырда Түркияның Ыстамбұл қаласындағы әйгілі «Бешикташ» стадионында Димаштың 30 жасқа толу туған күнін тойлауға әлемнің түкпір-түкпірінен қонақтар келеді. Қалыптасқан...