ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Жанкүйерлер Димашты неге жанды дауыста тыңдағанды ұнатады?

Жанкүйерлер Димашты неге жанды дауыста тыңдағанды ұнатады?

Әншінің үні  –  оның айрықша қыры, уақыттың құрылысы. Ол өзінің даусының көмегімен тыңдаушыларының ішкі әлемінің құлпын ашып, жан дүниесінде не сақталғанын және құпия ойлары туралы айта алады. Вокалист үшін музыкалық әуен – ең маңызды қазына. Ол айрықша көңіл бөлуді, қамқорлықты қажет етеді. Оны жоғалтып алу немесе бұзып алу оп-оңай, алайда, қалпына келтіру қиын. Музыкалық үн өте сезімтал және мұңды келеді, сол себептен де оны қорғаштау қажет.

 

Димаштың Мәскеу, Рига және Киев қалаларында ұйымдастырылған үш концерті «АRNAU» туры аясында өтті. Бұл әлемдік гастрольде Димаш әрбір екінші күні өзінің концерттерін беріп отырды. Оның Ресей аумағындағы Екатеринбург, Қазан және Краснодар қалаларында өткен алғашқы қойылымдары да осындай ырғақтан жаңылған жоқ.

Барлық концерттерінде Димаш тек музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен, жанды дауыспен ән айтты. Қойылымдар кезінде оның әндеі сонысымен ерекшеленетінін айтуға тиіспіз. Өйткені, санадағы ойлар мен сезімдерді жүректен шыққан үнмен ғана жеткізуге болады. Сондай-ақ, «АRNAU» әлемдік турының басты концепциясы да сол, музыка арқылы жанкүйерлердің жан дүниесіне жол табу, сезімін тербету, олармен бірге болу.

Өзінің шығармашылық кештері кезінде Димаш техникалық тұрғыдан күрделі вокал техникасы мен аспаптарды қолданады. Баритон тенорынан колоратура сопраноға сауатты түрде өту өте қиын және көп тәжірибені қажет етеді. Мұндай вокалды техниканы шебер қолданбаса, дауысты зақымдап алу немесе тіпті оны мүлдем жоғалтып алу ғажап емес.

Дарья, жанкүйер (Ресей, Мәскеу):

– Концерттерде Димаштың әндерінің арасында үзіліс жоқ. Бір композициядан екіншісіне ауысу 15-20 секундты ғана алады. Осы уақытта дауыстың қалыпты демалуға уақыты жоқ! Осындай таңғажайып дауыстық техниканы қолданатын Димаштың әндерін тыңдамау, оған сүйсінбеу, тіпті мүмкін емес. Мұны таңқаларлық деп бағалауға да болады. Ал ол ешқандай қиындықсыз ән салуын жалғастыра береді!

Сондай-ақ, Димаштың концерттік бағдарламасында әншінің отырып орындайтын туындылары бар. Барлық музыканттар мен вокалистер отыру ән шырқау тұрып шырқаудан гөрі қиын екенін жақсы біледі. Мұның басты себебі – дұрыс тыныс алу.

Ән айту кезінде дұрыс тыныс алу вокалдың негізі болып табылады, онсыз күрделі вокалдық бөліктерді өз деңгейінде орындау мүмкін емес. Мұны музыкада диафрагма немесе іштен дем алу деп атайды. Ал оны отырған кезде басқару, тіпті қиынырақ. Мәселен, дұрыс дем алуға ештеңе кедергі келтірмейтіндей, дене күйіңізді үнемі қадағалап отыру керек.

Димаштың жанкүйерлері вокал мамандарымен бірге оның дауысына, кәсіби техникасына ерекше екеніне назар аударады.

Концерт барысында DimashNews тілшісі әншінің бірнеше жанкүйерімен сөйлесті. Олар әншінің кештерінен қуанышпен қайтқандарын айтады. Сонымен қатар әлемде ең төменгі деңгейден жоғары регистрлерге дейін осындай күрделі вокалды ауысуларды орындай алатын адам бар екеніне сене алмайды. Көрермендер үшін әр концерт сиқырға ұқсайды және керемет энергияға ие болу үшін олардың көпшілігі үнемі келіп тұрады.

Концерттері барысында Димаш әртүрлі елдердегі жанкүйерлерін қазақ мәдениетімен таныстырады. Өз Отанына, салт-дәстүріне, тіліне деген сүйіспеншілігін көрсетеді, оны әндері арқылы жеткізеді.

Димаштың шетелдік тыңдармандарының қазақ тіліне деген қызығушылығы артқаны да таңқаларлық жағдай. Әлемнің түкпір-түкпірінен, Бразилиядан, АҚШ-тан, Франциядан, Германиядан, Италиядан және басқа елдерден келген көпшілік бұрын-соңды қазақ тілін естімесе де, ұлттық музыкамызды қуана тыңдайды.

Олардың кейбірі қазақ тіліне қызыққаны соншалық, оны зерттей бастаған. Диарлар Димаштың қазақ тілінде ән айтқанын ұнататынын жеткізді. Әр концертте жанкүйерлер әншімен бірге ана тілінде қалай ән шырқайтынын естісеңіз ғой!..

Концерттердің бірінде DimashNews тілшісі Якутиядан келген жанкүйермен кездесті. Ол қазақ болғанымен, ата-анасы Якутияда туып-өскен екен. Бұрын Қазақстанға онша қызығушылық танытпаған, бірақ Димаштың шығармашылығымен танысу арқылы өзінің тарихи отанымен байланысын күшейтті. Қыздың бойында елге деген сағынышы мен сүйіспеншілігі оянды деп айтуға болады. Қазір ол Қазақстанның үлкен туын ұстап алып Димаштың әр концертіне қатысады, өзінің этникалық отанына құрмет көрсетеді.

DimashNews редакциясы көптеген жанкүйердің екінші үйі сияқты болып кетті. Әр концерт сайын өзіміздің бірнеше таныс азаматтарымызды кездестіреміз. Әр кездесу сайын жылы әсерлерімізді бөлісеміз, біз, тіпті бір үлкен отбасыға ұқсаймыз.

Нидерландыдан келген Пикси есімді Димаштың жанкүйері өзінің сүйікті әртісінің әр концертіне ерекше көңіл-күймен келеді. Ол да әркез Қазақстанның туын зор мәртебемен ұстап тұрады. Сонымен қатар, Пикси өзінің Инстаграмдағы Димаштың жаңалықтар парағын белсенді түрде жүргізіп отырады. Концертке келе алмай қалған көпшілікке әншінің өнерін, ең болмаса, әлеуметтік желілер арқылы тамашалауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, жанкүйерлер Димаш келгенге дейін әншінің киім-кешек бөлмесінкеремет тосынсыйлармен толтырып қоюды әдетке айналдырған. Әдемі фотосуреттер, гүлдер, жылы лебіздер мен жеміс-жидектер себеттері мен жазбалар әрдайым әртістің жүрегін жылытып, концерт алдында жоғары көңіл-күй сыйлайды.

Соңғы жаңалықтар

«Кеме жүзеді»: қазіргі авторлар суретшінің қоғамдағы рөлін ашады

2 желтоқсанда Алматыдағы Aspan Gallery-де Орталық Азиядағы заманауи өнердің негізін қалаушылардың ұжымдық көрмесі өтеді. Суретшілер өз жұмыстары арқылы қоғамдағы...

Димаш және Еуразиялық фан-клуб Dear-лары туралы сайт

Димаштың шығармашылығымен алғаш танысқан dear-лар бірнеше ай бойы ол туралы ақпаратты іздеуге кірісіп кететінін айтады. Іздеу жүйесіне "Димаш" деп...

«Сенің дарының менің жан дүниемді тебірентті»

Димаш Құдайберген балалар Евроведениесінің алдында Қарақат Башановамен кездесті. Бұған дейін біз балалар евровидениесі – 2020 байқауында Қазақстанның атынан Қарақат Башанованың...

Қарақат Башанова: «Ән арқылы әкемнің есімін тарихта қалдырғым келеді»

Осы жексенбіде Junior Eurovision халықаралық ән байқауы өтеді. Қазақстан атынан сүйкімді Қарақат Башанова қатысады. Жас өнерпаз DimashNews редакциясына байқауға...

Оқи отырыңыз
Сізге ұсынылған