Əуенді əсерлі ететін Димаштың бэк-вокалистері

1780

Кез келген соло-орындаушыны сахнада одан әрі әрлеп, сазды әуенімен толықтыратын кім екенін білесіз бе? Бұл – бэк-вокалистер. Олардың көмегімен әрбір ән көрерменнің көңілін сан түрлі сезімге бөлеп, әсер қалдырады. Бэк-вокал әуел бастан музыкалық композицияға салынған эмоциялардың барлық спектрін көрсетуге көмектеседі. Бэк-вокал әуенді түрлі-түсті етеді, онсыз ешқандай орындау соншалықты қанық, әсерлі және толыққанды болмас еді. Сондықтан да, әрбір солист өзінің бэк-вокалистерін шексіз бағалайды және құрметтейді.

Димаш Құдайбергеннің сұлу да өнерлі бэк-вокалисті Зарина Божакова 6 маусым күні Қостанай қаласында дүниеге келген. Кішкентай кезінен бастап өз қалауын білген Зарина өмірін музыкамен байланыстырғысы келетініне сенімді болды. Ата-анасына өзінің ниетін білдерген ол 9 жыл оқыған Қостанай қаласындағы арнайы мамандырылған музыка мектебіне аяқ басады. Одан кейін Зарина ҚазҰӨУ колледжінде «Музыка теориясы» мамандығы бойынша оқуын жалғастырып,сол өнер университетінің бакалавриатын «Музыкатану» мамандығы бойынша аяқтайды.

Зарина Димаштың командасында 2017 жылдың қазан айынан бастап жұмыс істейді. Оның алғашқы көрсетілімі Сочидегі концертте өтті. Бір отбасыға біріккеннен бері жарты жыл өтсе де, оған сене алмайды. Әрбір концерттен кейін толқып, жүрегіндегі сезімін жасыра алмай, еріксіз көзіне жас алады.

Бэк-вокалист қызкүллі əлемге танылған жəне миллиондаған тыңдаушының жүрегін жаулаған əртістің командасына қосылуын нағыз тағдыр деп санайды. Ол 2018 жылдан 2019 жылға дейін «Qazaqstan» телеарнасындағы «Түнгі студия» бағдарламасында жұмыс істеді. Онда Зарина бағдарламаның музыкалық директоры Болат Жолдасовпен танысты. Музыкалық директорвокалистің талпынысы мен қабілетін бірден байқап,  жоғары бағалады. Міне, бір қыздың тағдыры шешілген  2019 жылы саундрежиссер Ерлан Бекчурин Димаштың командасына бэк-вокалистерді іздеді. Болат осы рөлге Заринаның кандидатурасын ұсынды. Осыдан кейін Ерлан вокалистке хабарласып, оны командаға шақырды. Өз бағына сенбеген Зарина бірден ұсынысты қабылдап, олар командамен бірге Сочидегі концертке дайындала бастады.

– Мен әлі күнге дейін тағдырдың мұндай сыйлық жасағаны үшіналғысымды білдіремін. Сондай-ақ, Ерланға қажырлы еңбегі үшін, Димаштың тәрбиесіне бар махаббаты мен күшін салған ата-анасына, және Димаштың өзіне шексіз ризамын. Бір күні оныңжанкүйері маған: «Шын өмірдегі Димаштың кейіпі қандай?» деп сұрады. Мен ол өмірімдегі кездесзкен ең жақсы адам деп жауап бердім. Үлкен сахналарды бағындыру үшін туылған әртіс. Миллиондаған адамдардың құрметіне мен ықыласына лайық адам,- деді Зарина Божакова.

Джордан Аракелян Димаштың командасында 2017 жылдың қараша айынан бастап жұмыс істейді. Оның алғашқы концерті Лондонда өтті. Сол сәтте командаға шұғыл екі бэк-вокалист қажет болды. Джорданды Ерлан Бекчуринге Димаштың анасы Светлана Айтбаева ұсынды.

Концертке толығымен дайындалу үшін 3 күн ғана болды. Өмірінде қазақ тілімен өте сирек кездесетін Джордан үшін бұл өте қиын болды. Бірақ Димаштың және командадағы әр адамның шексіз энергиясы мен рухы вокалистке қуат берді. Орындалмайтындай болып көрінген жұмыс тек бір күнде ғана мәресіне жетті. Джорданның өзі айтқандай, оған Димашқа деген құрметі мен шын пейілі әсер етпей қоймады.Ол Димаштың көңілін қалдырмай, барлық команданың сенімін ақтағысы келді.

Қазір Джордан Димаштың барлық концерттерінде өнер көрсетеді, тіпті, өзінің жанкүйерлері пайда болды. Сондай-ақ, бэк-вокалистің баласы бар және ол оның алдында үнемі үйде болмай, көңіл бөлмегені үшін өзін кіңәлі сезінеді. Алайда жұмыстың аты – жұмыс.

Априори бэк-вокалист болу оңай емес. Олар орындаушыны ұятқа қалдырмас үшін солисттер сияқты, әрдайым өз дауысын сақтап, абсолютті есту қабілетін жоғалтпауы керек. Джордан мен Зарина айтқандай, әрбір концерт олар үшін үлкен жауапкершілік әрі сынақ.Сахнаға шығар алдында олардың толқуы соншалықты үлкен болғандықтан, кейде түнде тыныш ұйықтау мүмкін емес.

– Димашпен жұмыс істеу барысында біз өзімізді ешқашан «концерттің фоны» ретінде сезінбейміз, себебі бізге жүктелген сенім мен жауапкершілік өте үлкен. Біз Димаштан бастап, музыкант, бэк-вокалист, немесе биші болсын командадағы әрқайсысымыз – бір тұтаспыз, күшіміз бір. Ол әрдайым біздің қажеттілігіміз бен маңыздығымызды толығымен сезінуге мүмкіндік береді. Біз оны шын жүректен бағалаймыз және оған ризамыз,-деді Джордан.

Сондай-ақ, Димаштың командасында сиқырлы дауысымен әрбір әуенді ажарлы ететін тағы бір бэк-вокалист бар. Бұл – біздің талантты Расул Усманов. Ол туралы мақаланы жақын арада күтіңіз.