ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Бір кеңістіктен екінші кеңістікке саяхат: Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарадағы DIMENSIONS...

Бір кеңістіктен екінші кеңістікке саяхат: Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарадағы DIMENSIONS шоуы

Dimash World Бір кеңістіктен екінші кеңістікке саяхат: Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарадағы DIMENSIONS шоуы

Бір кеңістіктен екінші кеңістікке саяхат: Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарадағы DIMENSIONS шоуы

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады. Жаңа DIMENSIONS шоуы Мексиканың үшінші қаласында да тыңдарман ықыласына бөленді.
Концертін өзінің «Dimensions» әнімен бастаған Димаш бір мақсатқа бағынған шығармашылық жолын таныстырады. Ақ пен қарасы алмасқан бұл жолда ол жүрегіне қайта жалын сыйлайтын алда көрінген жарық сәулеге ұмтылады. Оның таңдаған бағыты өзгелерден бөлек. Ол қажуды ойламай, биіктерді бағындыруға күш-жігері жететініне сенімді. Күн сайынғы сынақтарды еңсеріп, кедергілерге мойымай, биікке самғауды мақсат етеді.

Шоудың титулды әнінің әуенін Димаш, ал сөзін қазақстандық музыкант әрі ән авторы Саян Рахымжан жазған.

Алғашқы әнінде Димаш айналаны нұрға бөлеп, үміт сыйлайтын жарық туралы толғайды. Тыңдармандарын бір кеңістіктен екінші кеңістікке сапар шегуге шақырады. Бір сәтте тұтас бір қауымға айналған көрермен әр әнмен бірге Димаштың шығармашылық әлеміне тереңдей түседі…

Димаштың Латын Америкасындағы концерттеріне жасы, ұлты мен тілі әртүрлі тыңдармандарды кездестіруге болады. Қазақстандық әншінің бірегей өнеріне тәнті жастардың қатары қалың. Бір концерттік бағдарлама аясына опералық вокалдың джаз, фанк, поп және рэп сияқты бірнеше жанрлардың сыйып кетуі мен одан әрі классикалық музыкалық үндестікке ұласуы көрермендерді қайран қалдырды.

Димаштың жанкүйерлері арасында мәдениет саласында мол тәжірибе жинақтаған аға буын өкілдері де бар.

Гвадалахарадағы концертке әйгілі мексикалық әнші, актер әрі продюсер Висенте Фернандестің жұбайы Мария Вильясеньор да келді.

Гвадалахарада дүниеге келген маэстро Висенте «Үздік мексикалық альбом» аталымы бойынша бірнеше мәрте «Грэмми» сыйлығын иеленген.

Висенте Фернандестің кинодағы шығармашылық жолы 1960 жылдардың соңында басталды. Ол отыздан астам фильмге түсіп, олардың ішінде 10 кинода продюсер қызметін де атқарған.

Музыка саласында елуден астам альбом шығарған өнерпаздың 61 әні Billboard Hot Latin Songs чартына еніп, олардың жиырмасы үздік ондықтан орын алған.

Мария ханым DimashNews редакциясымен Димаштың концертінен алған әсерін бөлісті.

***

Димаштың музыкасымен алғаш қалай таныстыңыз?

– Димаштың өнерімен шамамен үш жыл бұрын интернеттен оның сахнадағы өнерін тамашалағанда таныстым. Оның орындаушылық шеберлігі мен қайталанбас музыкалық дарыны мені бірден баурап алды.

Алғаш тыңдаған әрі мен тәнті еткен туынды – «Ave Maria» вокализі. Ал қазіргі менің сүйікті әнім – «Moonlight».

Концертте Димаш сізге қандай әсер қалдырды?

– Димаш – періштедей әсем үнге ие, ерекше дарын иесі. Оның орындаушылық шеберлігіне тәнтімін. Бүгінгі концертте әр туындыны асқан талғаммен орындауы маған ерекше әсер етті.

Димашқа не айтар едіңіз? Әлемнің түкпір-түкпіріндегі оның достарына қандай ой жеткізгіңіз келеді?

– Димашқа өнер жолында асқаралы асуларды бағындырып, дара дарынымен әлем жұртшылығын тәнті ете беруін тілеймін. Димаштың айрықша дауысын тыңдап, әндеріндегі терең мағынаны әр адам сезіне алса екен. Оның музыкасы барша жұрттың құлағына жетуге лайық екеніне күмәнім жоқ.

***

Концерт соңында Димаштың шығармашылық ғаламы шексіз кеңістікке ұласады: қазақстандық әнші жанкүйерлері сыйлаған мексикалық пончоны киіп ән шырқаса, жергілікті көрермен жуырда ғана таныстырылған «Жаңа күн» туындысын қазақ тілінде қосыла орындайды. Сол жаңа күннің тууына да аз қалды: осы жұма және сенбі күндері Димаш барша тыңдарманын Мексика астанасында күтеді.

Соңғы жаңалықтар

Бір кеңістіктен екінші кеңістікке саяхат: Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарадағы DIMENSIONS шоуы

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...