ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін...

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

Dears Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында ұйымдастырды.

Ұйымдастырушылар Мексика дәстүрлері мен қазақ мәдениетін тоғыстырған мазмұнды бағдарлама әзірледі. Қонақтарды шашу шашып қарсы алып, сыйлықтар табыстап, қазақтың бауырсағы мен ұлттық тағамдарынан дәм таттырды.

Марьячи музыканттары мен чарро шабандоздарының өнері кештің ең жарқын сәттерінің бірі болды. Чарролардың дәстүрлі ат үсті өнері Халиско штатының мәдени мұрасында маңызды орын алады.

Марьячи музыканттарының сүйемелдеуімен көрермендер мексикалық бишілердің өнерін, ат үстіндегі шеберлік үлгілері мен floreo de reata деп аталатын арқан ойнату тәсілдерін тамашалады. Бағдарламада дәстүрлі мексикалық china poblana биін орындаған бишілер де өнер көрсетті.

Димаштың жанкүйері Анхело Коваррубиастың (Ángelo Covarrubias) қазақстандық әншіге арнап әзірлеген музыкалық бағдарламасы кеште айрықша орын алды. Ол «Ұмытылмас күн» әнін қазақ тілінде, «Грешная страсть» әнін орыс тілінде, «SOS d’un terrien en détresse» әнін француз тілінде, «Ikanaide» әнін жапон тілінде орындап, «Ave Maria» шығармасын да шырқады. Бұл өнер көрсету мексикалық жанкүйерлердің Димаш шығармашылығымен және оның көптілді репертуарымен етене таныс екенін аңғартты.

Мерекелік кездесуге Димаштың анасы Светлана Айтбаева, әншінің бэк-вокалисі Расул Усманов және сыбызғышы Санджай Альмишев қатысты.

Кештің есте қаларлық сәттерінің бірінде Светлана Айтбаева Расул Усмановтың бэк-вокалдық сүйемелдеуімен Абай Құнанбайұлының әйгілі «Желсіз түнде жарық ай» әнін орындады.

Санджай Альмишев те кеш қонақтарына музыкалық тарту жасады. Ол қазақтың дәстүрлі үрмелі аспабы сыбызғыда екі туынды орындап, мексикалық тыңдармандарды аспаптың өзіндік үнімен таныстырды.

Мәдени таныстық мерекелік дастарқанмен жалғасын тауып, қонақтар мексикалық тағамдармен бірге дәстүрлі café de olla кофесі мен қазақтың қара шайын ішті.

Кездесу Қазақстан мен Мексиканың әуендерімен өрілген ортақ би бағдарламасымен аяқталды. Бұл кеш Димаштың жанкүйерлеріне өз өңірінің дәстүрлерін таныстырып, қазақ музыкасын жанды дауыста және аспапта тыңдауға мүмкіндік берді.

Соңғы жаңалықтар

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...