ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Dimash World Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып келеді. DimashNews басылымына берген сұхбатында оның қазақстандық әншінің дауысын кездейсоқ естіп қалуы YouTube арнасының бағытын қаншалықты өзгерткенін және Димаш музыкасының Латын Америкасы тыңдармандарына жақындығының себебін баяндап берді.


Бұл оқиға 2018 жылы Леоның түрлі орындаушылардың өнер көрсетуінен алған әсерімен бөлісуге арналған YouTube арнасын ашуынан басталды. Платформа оған алғашқылардың қатарында Димаш Құдайбергеннің бейнежазбасын көруді ұсынған.

«Шығармашылығымен алғаш танысқан сәттен-ақ өнеріне тәнті болып, Dear атандым. Ол кездері Димаш туралы испан тіліндегі ақпарат өте аз болатын. Сондықтан ол жөніндегі мәліметтерді өзгелермен өзім бөлісуді ұйғардым», – деп еске алады блогер.

Уақыт өте келе бұл канал әншінің жанкүйерлерін біріктіретін алаңға айналды. Лео әндердің аудармалары мен мағыналық түсіндірмелерін, Димашпен бірге ән айтқысы келетіндерге арналған транскрипцияларды, жаңалықтар мен деректі материалдарды, концерттерге шолулар мен саяхаттарынан түсірілген бейнеблогтарды жариялай бастайды.

Сол кезеңде өнер пәнінен сабақ беріп жүрген Лео жақындары мен шәкірттерін де қазақстандық әншінің өнерімен таныстырады.

«Уақыт өте келе бұл канал шынайы Dears қауымдастығына айналды. Мен мұны зор мақтаныш санаймын», – дейді Лео.

Димаштың музыкасы арқылы блогер Қазақстанды да тани түсті. Оның айтуынша, қазақ халқының отбасылық құндылықтары, достықты қадірлеуі, әдет-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріне құрметі ерекше әсер қалдырған.

Әсіресе 10 қараша күнгі Мерида қаласында өткен жанкүйерлер басқосуында Қанат және Светлана Айтбаевтармен жүздесуі Лео үшін айрықша толғанысты сәт болды.

«Мен Димашқа ғана емес, оның ата-анасына да тәнтімін. Олар мен үшін отбасы бірлігінің, махаббат пен сыйластықтың үлгісі. Өздері өте қарапайым әрі тамаша жандар. Димаштың бойынан да осы құндылықтар көрініс табады. Олардың ықыласы мен ризашылығын сезіну мен үшін үлкен мәртебе болды».

Димаштың Латын Америкасындағы танымалдығы туралы сөз қозғаған Лео мұның себебі әншінің қайталанбас вокалдық мүмкіндіктерімен ғана шектелмейтінін атап өтті.

«Музыка – оның тілі. Сол арқылы ол адамдардың қай тілде сөйлейтініне қарамастан, жүрегіне жол табатын сезімдерді жеткізеді. Ал әндерімен тереңірек танысқан сайын, олардың астарында бірлік пен махаббатқа үндейтін ой жатқанын түсінесің».

Сұхбат соңында Лео әншіге ерекше ықыласқа толы тілегін арнады:

«Димаш, Латын Америкасына арнаған ыстық ықыласың үшін мың алғыс! Музыка шеңберінен асып, жүректерге жол тапқан асқақ өнерің үшін мың алғыс! Құдіретті өнерің арқылы әрдайым адамдарды біріктіріп, бейбітшілікке, бірлік пен сүйіспеншілікке үндеп жүргейсің. Бар болғаның үшін мың алғыс!»

Соңғы жаңалықтар

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...

Лео Кантро: өнер әлемі, Қазақстанға сүйіспеншілік және Димаш музыкасымен танысу туралы

Мексикалық блогер Лео Кантро (Leo Cantro) бірнеше жылдан бері испантілді аудиторияны Димаш Құдайбергеннің шығармашылығымен, қазақтың мәдениеті және дәстүрлерімен таныстырып...

«¡Dimash hermano, ya eres mexicano!»: Монтеррей жұртшылығы Димаш Құдайбергеннің шоуын ерекше ықыласпен қабылдады

14 қарашада Димаш Құдайбергеннің Монтеррейдегі алғашқы концерті өтті. Осылайша, DIMENSIONS шоуы Мексиканың жүрегін жаулауды жалғастырып келеді. Қазақстандық әншіге айрықша құрмет...

Музыка мәдениеттерді тоғыстырады: Монтеррейде Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты

13 қарашада Мексиканың Монтеррей қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында халықаралық жанкүйерлер кездесуі өтті. Концерт алдындағы...

Мексиканың Монтеррей қаласындағы басты концерт алаңы Димаштың шоуын қабылдауға дайын

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS жаңа шоуы аясындағы Мексикадағы екінші концерті Мексиканың солтүстік-шығысындағы Нуэво-Леон штатының әкімшілік орталығы әрі көлемі жөнінен үшінші...