ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы...

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

Dimash World Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке концерт береді. Бұл DIMENSIONS жаңа әлемдік туры аясында өнер иесінің Латын Америкасындағы бесінші концерті болмақ.

Богота әуежайында қазақстандық әншіні қарсы алуға көптеген жанкүйер жиналды. Олар бұл кездесуге арнайы дайындалып, оны әсерлі әрі есте қаларлықтай өткізуге күш салды. Димаш көрінген алғашқы сәттен-ақ әуежайда құттықтау лебіздері мен ду қол шапалақ орнады. Жанкүйерлер әншінің есімін бір дауыспен ұрандатты.

Колумбиялық Dears қолдарына плакаттар мен жалаулар ұстап, әншіні жылы жүзбен қарсы алды. Олар Димашқа испан тілінде сәлем жолдап, оған деген сүйіспеншілігін білдірді. Көпшілігі көптен күткен осы кездесуді естелікке түсіріп алуға тырысты. Әуежайда қайта-қайта жаңғырған «¡Dimash! ¡Dimash!» және «¡Bienvenido a Colombia!» («Колумбияға қош келдіңіз!») деген дауыстар күтіп алу сәтін мерекеге айналдырды.

Димаштың Боготаға келуі DIMENSIONS әлемдік турының Латын Америкадағы жаңа кезеңін бастады. Мексикадағы концерттерден кейін әнші өңір жұртшылығын түрлі тілдердегі әндер, авторлық туындылар мен әр алуан мәдениеттің музыкалық дәстүрлері тоғысқан концерттік бағдарламасымен таныстыруды жалғастырады.

22 қарашада Боготада Колумбия жұртшылығы Димаштың жеке концертін алғаш рет тамашалайды. Көптен күткен бұл музыкалық кеш DIMENSIONS әлемдік турының тағы бір маңызды белесі болмақ.

Соңғы жаңалықтар

Колумбияда алғаш рет: Жанкүйерлері Димаш Құдайбергенді ерекше ықыласпен қарсы алды

21 қарашада Димаш Құдайберген Колумбияның астанасы Боготаға келді. 22 қарашада әнші осы қалада Колумбия жұртшылығы алдында алғаш рет жеке...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...