ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы...

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

Dimash World Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді.

«Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне мың алғыс! Бұл менің осы сахнадағы үшінші концертім. Былтырғы алғашқы концертім әлі есімде, сол жолы ерекше толқыған едім! Сіздер керемет көрерменсіздер, мені құшақ ашып, жылы қабыл алдыңыздар. Рақмет сіздерге!»

Кеш бойы көрермендер әр қойылымды ду қол шапалақпен қарсы алды. Олар әншіге қолдау көрсетіп, концерттің есте қаларлық сәттерін бейнежазбаға түсіріп алуға тырысты. Әр композиция Димаштың сахнадан музыка тілімен баяндап келе жатқан хикаясының бір бөлшегіне айналды.

Концерт бағдарламасында қазақ тіліндегі «Өмір» балладасы айрықша орын алды. Әннің әуенін де, сөзін де Димаш өзі жазған. Туынды әншінің 29 жасқа толған күні алғаш рет көпшілікке ұсынылған болатын.

Жаңа концерттік турында баллада өзгеше сахналық шешіммен қойылды. Ән орындалып жатқанда Димашқа оның бала кезі мен қарт шағын бейнелейтін екі виртуалды кейіпкер қосылады. Визуалды технологиялар арқылы жасалған өткен шақ пен болашақтың осы екі бейнесі әншімен бірге ән шырқап, Димаш ақ рояльда ойнап, әнді сүйемелдейді.

Бала мен қарияның вокалдық партияларын да Димаштың өзі жазып алған. Осылайша бір туындыда адам ғұмырының әр кезеңін бейнелейтін әншінің үш шақтағы бейнесі тоғысады.

Туындыны Санжай Әлмішевтің орындауындағы қазақтың үрмелі халық аспабы — сыбызғының үні толықтырды. Сыбызғы әуені вокалдық партиялармен табиғи үйлесіп, шығарманың әсерін күшейтіп, оған ұлттық реңк берді.

Адам өмірінің құндылығы, бейбітшілік пен бірлік тақырыбы Димаштың тағы бір авторлық туындысы — «The Story of One Sky» композициясында да маңызды орын алады.

Әнді орындамас бұрын Димаш бұл туындыны жазуға 25 жасында кіріскенін және оны әзірлеуге үш жыл жұмсағанын айтып берді.

«Шынымды айтсам, біздің әлем соғыстардан шаршады…

Қай ұлттың өкілі болсаңыздар да, қай елден келсеңіздер де, мен үшін бәріңіз қадірлісіздер. Мен қазақпын және қазақ екенімді мақтан тұтамын. Кім болсаңыз да, қайдан келсеңіз де, әрқайсыңызға деген құрметім шексіз.

Қай жерден келгеніңіз маңызды емес. Мен бәріңізді жақсы көремін, өйткені бәріміз де Құдайдың балаларымыз.

Бәріне құдіретіміз жете бермейтінін ұмытпауымыз керек. Біз бар болғаны адамбыз. Айтарым осы. Өмір бізге бір-ақ рет беріледі ғой, солай емес пе? Ендеше, сол өмірімізді мәнді де мағыналы өткізейік».

Мехикодағы екінші концертпен DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңі аяқталды. Димаш Құдайбергеннің Латын Америкасындағы гастрольдік сапары Колумбия, Чили және Перуде жалғасады.


Соңғы жаңалықтар

Мехикодағы қос концерт: Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік турының Мексикадағы кезеңін аяқтады

20 қарашада Димаш Құдайберген DIMENSIONS әлемдік туры аясында Мехикодағы Palacio de los Deportes аренасында екінші концертін берді. «Мексикалық жанкүйерлерімнің бәріне...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мексика астанасында жалғасты

19 қарашада Димаш Құдайберген мен оның халықаралық командасы DIMENSIONS жаңа концерттік турының Латын Америка кезеңі аясында Мексика астанасында өнер...

Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры Мехикода жалғасты

17 қарашада қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің Гвадалахарада алғаш рет өткен жеке концерті Auditorio Telmex аренасына лық толы көрермен жинады....

Гвадалахарадағы музыкалық кеш: Димаштың жанкүйерлері Қазақстан мен Мексика дәстүрлерін тоғыстырды

16 қарашада Гвадалахара қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері бас қосты. Мерекелік кездесуді Dears DQ Jalisco фан-клубы қазақстандық әншінің DIMENSIONS әлемдік...

Мексикадағы Димаш Құдайбергеннің муралы қалай жасалды?

Мексиканың Монтеррей қаласындағы Димаш Құдайберген бейнеленген мурал қала аумағынан тыс жерлерге де кеңінен танылып үлгерді. 14 қарашадағы концерттен кейін...