«Өлең жазу – екінші тынысымды ашады»: ақын Нина Бугайченко

94

Оның жан дүниесі – алып жұлдызды әлем іспетті. Әрбір сәт әдемі өлең жолдарына айналады. Адамның жанын тебірентетін шығарма дүниеге келеді. Тыңдаған жанның жүрек қылын шертіп қана қоймай, жан дүниесіне гүл бітіреді. Оның шығармашылығы тыңдарманды бей-жай қалдырмайды. Бүгін біз ақын Нина Бугайченконың шығармашылығы туралы сөз қозғағымыз келеді.

– Нина Евгеньевна, Сіздің әр өлеңіңіз жүректі жылылық пен нәзіктікке толтыра отырып, жан тебірентеді. Поэзияға осынша махаббат қайдан келеді?

– Жылы лебізіңізге рахмет. Поэзия менімен бала жастан бірге. Бірінші сыныптан-ақ кітапты жастанып оқимын. Әріп танығалы кітапхана екінші үйіме айналды. Көп оқимын, бірінен соң бірін тауысып жатамын. Бірде кітапханашының «Осыншама кітапты аласың, оқып үлгересің бе?» деп сұрағаны есімде. Мен расымен барлық кітапты оқтынмын. Оның үстіне, әдебиет пәнінің керемет мұғалімі менің санамда төңкеріс жасап, кітап әлеміне махаббатым еселене түсті. Әдебиеттің менің өмірімде алатын орны ерекше.

– Сонда өлеңді бала кезіңізден жаза бастадыңыз ба?

– Жоқ, поэзияны қатты жақсы көрсем де, алғашқы өлеңдерімді отыз жасқа жақындағанда жаза бастадым. Оған дейін отбасымдағы жақындарыма құттықтау жолдарын жазған болармын, бірақ оны өлең деп санамадым. Отыз жасымда алғашқы өлеңдерім жазылды, уақыт өте күз туралы біраз өлеңім жиналып қалды. Күз мезгілі жаныма жақын. Сондықтан, алғашқы өлеңім «Чаровница осень» деп аталды. Күзде жаным кіреді, күзде жаңаша өмір бастаймын.

– Сөз арасында кітап әлеміне жақындата түскен әдебиет пәнінің мұғалімі керемет деп қалдыңыз. Мұғаліміңіз туралы айтып беріңізші…

– Әрине. Ол ұстазымның есімі Мария Загитовна Ахметчина. Бұл кісі сапалы әдебиет есігін ашып берді. Мұғалім бізге әдеби шығармаларды бар жанымен жеткізетін. Ол әдебиетпен өмір сүрген жан. Мария Загитовна жатқа оқымаған өлең жоқ шығар. Ал өлең оқығанда өзін актриса сезінетін. Әрбір әдебиет сабағы мерекеге бергісіз. Мұндай оқытушы жоқтың қасы. Менің жолым болды деуге болады. Талғамымыз да қалыптасты. Ал өз басым неміс тілі пәні мұғалімі болсам да, оқушыларды Мария Загитовна секілді әбедиетке баулуға тырысатын едім. Балалар сүйікті шығармаларымен бөліседі, әдебиет туралы әңгіме айтатынбыз, талқылайтынбыз. Сондықтан қандай пән мұғалімі болсаң да, балаларға қандай әлем ашатының маңызды.

– Ал қазіргі таңда шығармашылық өміріңізде қандай орын алады?

– Отбасымнан кейін алғашқы орында. Маңызды орын алады дер едім. Жазу үстелімде үнемі ақ парақ пен қаламсаптар жатады. Оңай жерде телефон мен ноутбук жатады. Шабыт кез келген уақытта, күтпеген жерде келіп қалады. Ол менің екінші «ішкі менім». Өлең жазу – тыныс алғанмен бірдей. Онсыз өмір сүру қиын. Егер поэзияға хобби ретінде қарасам, қазір мен үшін өлең қажеттілік.

– Дегенмен, сізге өлең жазуға не түрткі болды?

– Бұрын көңілім нені қаласа, соны жазатынмын. Еш жерде жарияламаймын. Тек өзім және отбасым үшін жазатынмын. Алайда, сол күн менің өмірімді өзгертіп жіберді. «I Am a Singer» байқауында Димаш Құдайбергеннің орындауында «Adagio» әнін алғаш естігенде ішкі жан дүниемде үлкен өзгеріс болды. Мен дайын болмадым. Ол кезде Димашты танымайтынмын. «Өз әлеміме» кетіп қалдым деуге болады. Классикалық музыка, әдебиет, қол өнер әлеміне еніп кеттім деуге болады. Өмірдегі серігіммен қол бұлғаған кезім болатын. Маған қиын болды. Маған отбасымман басқа ештеңе қызық емес еді. Музыка әлемінде не болып жатқаны да қызықтырмайтын. Бір күні ойлмаған жерден «Adagio» әнін естіп қалдым. Сұрғылт реңге айналған өмірім нұрланып, түрлі-түсті бояуға енді! Осыдан кейін пікірлестер іздей бастадым. Алматылық еуразиялық фан-клубты іздеп таптым. Араласа бастадық. Алғашқыда әлеуметтік желіні игердім. Пікір жазамын. Проза күйінде, әрине. Менен «Неге өлең жазбайсың?» деп сұрайтындар табылды.

Димаш туралы, оның музыкасы жайлы не жазарымды, қалай бастап кетерімді білмей жүрдім. Егер өлең жазатын болсам, сапалы, әдемі болу керек деп шештім. Өйткені, оны өзгелермен бөлісуім керек қой. Димаш туралы 2017 жылдың 20 мамырында білдім. Ал 2018 жылдың қаңтар айында әнші туралы «Всё – голос твой» деген өлеңім жарыққа шықты. Өзім де таңқалдым. Екінші тынысым ашылған күй кеше бастадым. Әлі күнге дейін сол сезімдемін.

– Әдетте өлең қалай келеді? Қай уақытта? Қандай жағдайда? Қандай күш итермелейді?

– Шабыт кез келген уақытта келеді. Күн демейді, түн демейді, қалаған уақытта өлең жазғың келіп тұрады. Үйдегі шаруалармен жүргенде, күтпеген жерден сөз туындайды, образдар пайда болады. Бар жұмысымды тастап, қолыма аламын. Кейде бірнеше күн шабыттанамын. Құдды бір тылсым күш өлең жолдарын сыбырлап тұратын секілді. Тек қағазға түсіріп үлгеруің керек. Көп жағдайда түн мезгілінде өлең жазамын. Қандай жағдайда дейсіз бе? Бәрібір. Мәселен, көшеде келе жатамын. Өлең туындайды. Бір жерге түртіп алу керек. Димаштың Мәскеуде Кремльдегі екінші концерті аяқталғанда салфеткаға жаздым. Келесі күні фанаттар тарап кеткен соң, құрбым екеуміз кешкі ас ішуге барғанбыз. Жаңбыр сіркіреп тұрды. Арбат күңіреніп тұрғандай болды. Оны да салфеткаға түртіп үлгердім. Кейін осы сөзге Кубань композиторлар одағының мүшесі Елена Паршина ән жазып берді. Осылайша Dears-тер арасында кеңінен танымал «Мұңлы Арбат» («Грустный Арбат») әні дүниеге келді. Маған кез келген дүние күш береді. Ишара, дауыс, дыбыс, пікір, әрекет, адамның қылығы. Димаштың музыкасы, классикалық музыка, концерт қуат береді. Бір сөзбен айтқанда, шабыт та, өлең де кез келген уақытта келеді.

– Жақындарыңыз Сіздің шығармашылығыңызға қалай қарайды?

– Түсіністікпен, әрине. Олар менің шығармашылығымды құрметтейді. Кейде көздерінен таңданыс пен қуанышты көремін. Бұл тұрғыда өзімді жайлы сезінемін. Жақындарым мені қолдайды. Алғашқы оқырманым да, сыншыларым да – жақындарым. 2019 жылдың маусым айында «Когда поет Димаш» деген атаумен алғашқы жинағым жарық көрді. Жинақты әншінің шығармашылығына арнадым. Әрине, ең алдымен әкем қуанды. Кітапты қолына алғанда көзі оттай жанған шығар, мені бақыт сезімі кернеді. Дәл сол сәтте өзімді ғажайып музыка әлемінде сезіндім. Өмір бойы армандағаным да осы секілді, дұрыс жолмен келе жатқанымды түсіне бастадым. «Армандар орындалады» деп Димаш жиі айтады. Менің де армандарым орындалды. Өмір бойы осындай шығармашылықпен айналыссам деп армандап келген шығармын.

– Өлең жаза бастағалы Сіздің өміріңіз қаншалықты қатты өзгерді?

– Қатты өзгерді. Өмірім жарқын бола түсті. Жаңа сипатқа ие бола бастады. Жер бетінде көптеген достарым пайда болды. Өлеңдерім де сөреде жатып қалмайды. Өз оқырмандарын тауып жатыр. Бүгінде әр өлеңімді инстаграм-аккаунтыма жариялап отырамын. Кейде өз дауысыммен оқимын, видео жүктеймін. Бірнеше өлеңім ағылшын тіліне аударылды. Ал «Когда поет Димаш» және «Всё – голос твой» деген екі өлеңіме ән жазылды.

– Қызықты, жылылық пен лебізге толы сұхбатыңыз үшін Нина Евгеньевна, Сізге көп рахмет!

– Қызықты сұрақтарыңыз үшін Сізге де көп рахмет!

Нина Бугайченконың Димаш жайлы өлеңдерін жария болған тілде ұсынып отырмыз:

Весна, девчонка озорная

Весна, девчонка озорная,
По лужам с зонтиком скакала,
Наивно добрая, смешная,
С дождём вприпрыжку танцевала!

Дождинка, звонкая такая,
На зонтик нотками упала,
Прозрачно тёплая, цветная —
Весёлой музыкой сверкала!

Их танцем, музыкой, игрой
Все в изумленьи любовались,
Дождинкой, капелькой, весной,
Улыбкой яркой — наслаждались!

Весна, девчонка озорная,
По лужам с зонтиком скакала,
Такая милая, лихая —
Мечты прохожим раздавала!

Ночной монолог

Как много в жизни пройдено дорог,
И не один пуд соли с кем-то съеден,
Давно покинут дома отчего порог,
Да и судьбу, как ни старайся, не объедешь…

Друзья, казалось, будут вечно рядом,
Но их по миру как-то разбросало,
Нектар любви, на самом деле… оказался ядом,
По плану жить хотелось, но, похоже, зря мечтала.

Минуты счастья и мгновения невзгод,
Рука об руку шли со мной весь путь,
И лишь неясных вспоминаний хоровод
Кружит вокруг и часто не даёт уснуть…

Я много размышляла… поняла,
Как непроста была моя дорога,
Не так хотелось, как, наверное, жила,
Да и не с теми шла, быть может…

Но знаю точно, сожалеть не буду,
Ведь я не просто шла — летела иногда,
Любви навстречу, солнцу, людям,
Ветрам шальным и капелькам дождя…

Любила, верила, ждала, мечтала,
Упав, упорно снова поднималась,
Как бурная река потоком мчалась,
Смеясь и плача — только не сдавалась…

Но… как же быстро минули года…
Теперь реки теченье стало тише
И одиночества порою острота,
Захватит, закружит… и ночью… в комнате задышит….

Кто понял жизнь? Такие есть?..
Без слов банальностей, клише расхожих…
Вопросов череда — не перечесть,
Ответов мало, да и те друг с другом схожи…

Но человек зачем-то в этот мир приходит,
И миссию свою, как крест, несёт,
И светлые минуты, радость в ней находит,
И жизнь не проживает, а сполна живёт…

На том и порешу… что всё не зря…
Зачем-то, почему-то всё да было,
Но… как же быстро минули года…
О, вот уже… и утро… робко небо осветило…

С рассветом думки грустные забыла…
Жизнь продолжается… я так себе решила…
Но… как же быстро минули года…
Промчались, словно вешняя вода…

Грустный Арбат

Грустно вздыхает Старый Арбат,
За день устал, лишь витринами светит,
Как-то поник, будто в чём виноват,
И в полусне о несбывшемся грезит…

Кажется замер часов циферблат,
Медленный блюз фонарей свет играет,
В лужах неоном сверкает закат,
В старом кафе дождь по окнам стекает…

Вечер, вписавшись в тоскливый формат,
Тихой мелодией мир обнимает,
Словно безумно уставший фанат,
Плакать от счастья и грусти мечтает…

Как же скучать буду, Старый Арбат,
Ты столько надежд и мечтаний исполнил,
Но… без друзей ты теперь скучноват,
Думаю, с нами ты молодость вспомнил…

Грустно вздыхает Старый Арбат,
За день устал, лишь витринами светит,
Как-то поник, будто в чём виноват,
И в полусне о несбывшемся грезит…