#MyDimashStory: Әлемнің әр түкпіріндегі Dears қазақстандық әншінің шығармашылығымен қалай танысқандары туралы баяндап берді

1016

20 мамырда барлық елден Димаштың фан-клубтарының әкімшілері Dears арасында қазақстандық әншінің шығармашылығымен қалай танысқаны жөнінде #MyDimashStory хештегімен шығармашылық конкурс жариялады.

Димаштың туған күніне орай ұйымдастырылған конкурс 23 мамырдан 24 мамырға қараған күні 24 сағатқа созылды. Конкурсқа барлығы 148 адам қатысты. Әдемі де таңқалдырар жазбаларды Қытай, Ресей, Қазақстан, АҚШ, Франция, Испания және Малайзия өкілдері бағалады.

Димаштың шығармашылығымен қалай танысқандары жөнінде жазбалар конкурсқа қатысушылардың өз тілдерінде жазылды. Жеңімпаздарды анықтау мақсатында барлық жазба ағылшын тіліне аударылды. Конкурсты ұйымдастырған барлық фан-клуб жеңімпаздардың жазбаларын өз тілдеріне аударып, парақшаларына жариялады. Осылайша, жеңімпаздарды көптеген елде біле бастады. Әншінің барлық елдегі жанкүйерлері өте тату және үнемі бір-бірімен байланыс орнатып келеді. Түрлі халықтардың бір әншінің шығармашылығына махаббаты елдер арасындағы шекараны айналып өтетінінің жарқын үлгісі іспетті!

Конкурс қорытындысы бойынша 3 үздік жазба таңдалды. Индонезиядан Цани Мутия Фатима, Қазақстаннан Әмина Кенжетай және Мексикадан Хильде Вёлер жеңімпаз деп танылып, оларға DQ Perfume иіссулары табысталды.

Жеңімпаздардың жазбаларын келесі сілтемелер бойынша оқи аласыздар:

Қазақстаннан Әмина Кенжетайдың жазбасы:
https://www.instagram.com/p/CA741ueBhgY/?igshid=1jp5ubqzrjaq3

Мексикадан Хильда Вёлердің жазбасы:
https://www.instagram.com/p/CA70RdCgDXt/?igshid=19kme4o13c0i0

Индонезиядан Цани Мутия Фатиманың жазбасы:
https://www.instagram.com/p/CA70EmDJpQS/?igshid=vwf0evev005f