Dimash Manga: Димаш қатысатын жоба неден басталды және болашақта одан не күтуге болады?

1413

2020 жылдың 24 мамырында «Dimash Manga» жобасының басталғаны туралы хабарланғанда, қазақстандық әншінің шығармашылығының жанкүйерлері тарапынан үлкен қызығушылық пайда болды: барлығы неден басталды неліктен Manga жанры таңдап алынды, осы жоба кейіпкерлерінің бірі ретінде қатысуға Димашты қалай көндірген? Тыңдарманды алаңдатқан осы және өзге де сауалдарға @dk_media_world редакциясы Димаш Құдайбергеннің есімімен байланысы бар ерекше жобаның басы-қасында жүргендерден сұрап білді.

NB. Manga – түрлі жанрда және түрлі тақырыпта бейнеленген ақ-қара түсті жапондық комикстер. Әдеби және көркем шығармашылықтың осы түрі Жапонияда кеңінен танымал, күн шығыс елінде арнайы Manga-кафелерде комикстер оқиды. Бұл жанр сонымен бірге АҚШ, Еуропа, Азия елдерінде кеңінен тараған.

Жанр заңнамалары бойынша сұхбат кейіпкерлерінің ақ-қара түсті суреттерін ұсынамыз. Сонымен, таныс болыңыз: Dimash Manga командасы.

Andrew B., жоба жетекшісі: «Димаш – біздің заманымыздың батыры».

«Барлығы неден басталды?» деген сауалмен Andrew B.-ға жолықтық. Бірқатар белгілеріне қарап, оның нағыз Dear екенін ұқтық: бір күні YouTube-те Димаштың орындауындағы S.O.S. әнін естіген Andrew таңғы сағат 5-ке дейін тыңдапты. Қазірдің өзінде оны аз уақытқа тоқтату керек болып тұр, өйткені, құлаққабында тәулігіне 24 сағат Димаштың әуендері ойнап тұрады.

Manga үшін Димаш таптырмас кейіпкер болатынын Andrew алғаш тыңдағанынан екі күннен кейін түсінген. Әншінің шығармашылығымен, өмірбаянымен жақын танысқан ол Dears уәжіне де құлақ асады, жанкүйерлері Димашты әлемдегі көпшілікке қазіргі заманның батыры екенін, Manga көркем өнеріне кейіпкер ретінде таңдау керектігі туралы айтқан.

«Неліктен?» деген сауалға Andrew @dk_media_world редакциясына келесідей жауап берді:

«Manga – өз алдына өте қызықты жоба. Қытайда маньхуа деп аталады, ал Кореяда – маньхва. Жыл өткен сайын Manga танымал болып келе жатыр, тіпті, Ресейдің өзінде осы жанрды жақсы көретіндер көп. Метрода келе жатып, смартфон экранынан оқып жатқандарды жиі көремін. Біздің шығармашылық ұжым заман ағымына ілеседі, сол себепті оқырманға ақпарат жеткізуде дәл осы тиімді форматты таңдады».

Димаштың қатысуымен Manga-ның алғашқы концепциясын әзірлегенде Andrew пікірлестер командасын жинап алып: «Командада жұмыс істеген бір жағынан қиын, екінші жағынан – өте тиімді. Міндеттерімізді бөле отырып, біз өзімізді жұмыстың бір бөлігіне арнау арқылы, күшімізді бекер құртпаймыз», – деген екен.

«Dimash Manga» жобасының авторы ретінде ол әрдайым сценарий детальдары, кейіпкерлердің визуалды образы, жобаны музыкамен сүйемелдеу, тіпті құқықтық мәселелері бойынша өз ойларымен ұжыммен бөлісіп отырады, жұмыстың әр сатысын қадағалайды. Andrew сонымен бірге кітаптарды, жалпы D’R’S жобасын тұтастай насихаттап отырады. @dk_media_world редакциясына белгілі болғандай, «Mona 1.618» цифрлы картинасының сюжетіне қатысу және Manga-ның параллельді әлемі идеясы да Andrew B.-ге тиесілі.

NB. D’R’S авторлардың пайымынша, “Destiny..Range..Sacrament” (Тағдыр…Диапазон…Құпия) деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздерді Димаштың дауысының құпиясы мен әншінің тағдырына қатысты айтуға болады. Бұл сөздердің мағынасы не екенін жанкүйерлер біраз уақыт іздестірген болатын. «Параллельді әлем» туралы естігенде таңқаласыз, оның артиске қандай қатысы болуы мүмкін? Ал, «Mona 1.618» цифрлы картинасы одан бетер жұмбақ сияқты. Расында ол Амстердам қаласындағы музейге қойылған екен.

Жауаптарды іздеу барысында сұрақтар туындайтыны анық. Мәселен, Димаштың Manga оқиғаларында қандай кейіпте болатыны қызық? Бұл туралы DK Media World редакциясы Manga мангаки-суретшісінен сұраған болатын.

Мария Пругер (Soubi), бас суретші: «Димашты қалай Manga-ның толыққанда кейіпкері етуге болады».

Andrew-дің айтуынша, Мария Manga-ның визуалды-стилистикалық бөлігіне, жұмыс раскадровкаларын жасауға, дайын парақтардың суреттерін жетілдіруге, әсіресе, күрделі сценалар мен кадрларға жауап береді. Ян Колесниковпен (Jan.Co) бірлесе отырып, Мария «Manga D’R’S жобасы суретшілерінің командасына жетекшілік етеді, олармен бірге талантты ассистент-иллюстраторлар командасы да жұмыс істейді».

Ян Андрей мен Марияның идеяларын ұштастыра отырып, редактор қызметін атқарады. @dk_media_world редакциясына белгілі болғандай, оның міндеті – «сюжетті толық және мағыналы ету, жарқын детальдармен толықтыру». Сонымен бірге, ол диалогтардың авторы. Бұл жұмыс Янның қолынан келді ме, жоқ па, оны Manga-ның алғашқы кітабы шыққаннан кейін білуге болады. Әзірге, сюжеттің қандай екенін тек бұрынғы оқиғалар жиынтығынан білуге болады:

NB. «Оқиға Димаштың 2019 жылғы 10 желтоқсанында Нью-Йоркте өткен концертінің алдында болған. Басты кейіпкер – суретші қыз пен оның досы концертке Токиодан ұшып келу керек. Сюжет барысында цифрлы картинаның жұмбақ жарығының пайда болу құпиясын табу керек. Оның параллельді әлеммен байланысы да алаңдатпай қоймайды. Ерекше дауысқа ие Димаш біздің кейіпкерлерге жаумен күресте көмекке келеді».

Димаш кейіпкерлерге параллельді әлемнен жаумен күресуге көмектеседі. Жау Димаштың концертіне кедергі болмайды деп үміттенеміз, олай болған күнде Dears қарап отырмауы тиіс.

Ян мен Мария басты кейіпкерлер – суретші мен досын ойлап тапты, екі кейіпкер де Димаштың шығармашылығын жақсы көреді. Сол себепті Токиодан Нью-Йоркке Димаштың концертіне жолға шықса керек.

Димаштың визуалды образымен де жұмыс істеу керек болды, «оның сыртқы келбетін Manga әлеміне бейімдеу үшін көп жұмыс жасалды».

Manga-дағы Димаш неліктен өзіне ұқсамайды?

@dk_media_world редакцисына Марияның айтуынша, «Manga – «бұл өзгеше әлем, сондықтан шынайы прообраз бен кейіпкердің бір-біріне ұқсамауы заңдылық. Тек оның басқа қырынан танылуы деп қарау керек». Димаштың жан-жақты адам екені бұрыннан мәлім, ал Manga-да оны басқа қырынан тануымыз керек.
Dears де сан қырлы, бір-біріне ұқсамайды, әртүрлі тілде сөйлейді, алайда Димаштың музыкасын бірдей ұғынады. Manga әлемін Dears әлемімен қалай байланыстыруға болады?

Бұл сұраққа Dimash Manga командасында маркетинг бойынша директоры Леонид Васильев жауап береді: «Концепцияның басты мақсаты – әншінің тыңдармандары мен Manga табынушыларына неғұрлым ыңғайлы реурстар ұсыну».

Жоба сайтын жасау, оны ең алдымен интернет-алаңдарда айналдыру – оның басты жұмысы. @dk_media_world редакциясына Леонид өз міндеттері мен Dears секілді сан қилы аудиторияға есептелген жұмыс ерекшелігі туралы айтып берді:

«Жоба сайтын жасайтын кезде оның заман талабына сай болу керектігіне, әсіресе, Димаштың тыңдармандарының бүкіл әлемде бар екенін ескеріп, сайттың жылдамдығы мен ыңғайлылығына мән бердік. Сондықтан, сайт жасағанда ерекше болуына, жеке стиліне назар аудардық, ешқандай шаблон пайдаланылмады: прототип пен дизайнынан бастап бағдарламасына дейін жаңадан жасалды. Оның үстіне, қытай аудиториясымен жұмысты ескере отырып, екі сайт жасауға тура келіп отыр».

Сондай-ақ, Леонид фан-клубтармен байланысқа жауап береді, тек Димаштың шығармашылығының фанаттарымен ғана емес, Manga жанкүйерлерімен де байланысқа жауапты. Оның айтуынша, қазірдің өзінде Dimash Manga жанкүйерлерінің клубы құрылып, қатары көбейіп жатыр. Оған Азияның бірнеше елінен өкілдер кіріп жатыр.

«Жобаны айналдырудағы басты концепция – әншінің тыңдармандары мен Manga жанкүйерлеріне ақпарат жеткізетін, әрі біздің командамен кері байланыс орнататын қолайлы ресурстар жасау».

? Dimash Manga жобасы туралы осы жанрдың отаны Жапонияда не ойлайды екен? @dk_media_world редакциясы бұл туралы Димаштың жанкүйерлерінен сұрап, келесідей жауап алды:

Менің жеке пікірім, бұл жоба өте керемет. Өйткені, Жапония – Manga мәдениетінің отаны. Бұл өз кезегінде Димаштың Жапониядағы танымалдылығының артуына септігін тигізеді. Көпшілігіміз ағылшынша сөйлемейміз, сондықтан, жапондар D’R’S жобасының туындыларын сатып алу үшін жапон тілінде де болуы керек”. ( Наоко Куросаки).

Manga туралы ақпараттың жапон жанкүйерлері арасында таралуына жобаның Жапониядағы өкілі, Manga жапон мәдениеті мен стилистикасының білгілі Хидэмару Сато жауапты.

Хидэмару сонымен бірге, Димаштың фан-клубымен байланыс орнатуға жауапты, жобаның жапон баспалары алдында өкілдігі қызметін атқарады. Сондай-ақ, Хидэмару-сан Manga жапон мәдениеті мен стилистикасының білгірі ретінде жобаның мазмұнына да белсенді түрде атсалысады.

Оның DK Media World редакциясына хабарлауынша, ”біздің шығармаларда Димаштың пайда болуы жапон, қытай және корей фанаттарын қуантады, өйткені бұл жанр таныс әрі түсінікті. Оның үстіне Manga осы аталған тілдерде де жарыққа шығады».

Димаш Manga кейіпкері ретінде

.@dk_media_world редакциясының «Manga-ның ойдан шығарылған кейіпкері болуға Димаш қалай келісім берді» деген сауалына Andrew B.-нің жауабы:

«Димаш пен оның керемет отбасысы – қызығушылықтары әрқилы, көзі ашық, заманауи жандар, әрине, олар Manga жанрымен таныс болып шықты.

«DimashAli» продюсерлік орталығына бізге дейін де қызықты жобаларымен ұсыныс жасағандар болыпты, алайда біздің ұжымды таңдап алғандары қуантпай қоймайды. Бізге артылған сенім үшін алғысымыз зор!

Manga шығарылымы туралы Димаштың пікірін жоба басталып, Manga сатылымға шыққаннан кейін, оқырман лебізі белгілі болған кезде әншінің өзі айта жатар. Ал біз өз тарапымыздан сүйікті артисімізді жиірек көрсек дейміз, енді Manga беттерінен көретін боламыз. Әншінің шығармашылығының жанкүйерлері менімен келіседі деп сенемін».

@dk_media_world «сюжетті, кейіпкердің сыртқы келбетін, және бастысы мінезін Димаштың өзі мақұлдады ма» сауалға жауап іздеген болатын. «Көрермен тірі адам – Димашқа кімді ұқсату керек» деген сұрақ та туындады. Кейіпкер мен Димаштың айырмашылығы қандай болмақ?

Andrew B.-нің айтуынша, «сюжет бойынша да, Manga-дағы бейне бойынша да, барлық деталь ДимашАли продюсерлік орталығымен мақұлданған. Біздің пайымдауымызша, артистің өнерге қосқан үлесі мен авторлық құқығы мейлінше заңмен қорғалуы тиіс. Manga авторлар ұжымы үлкен жауапкершілік арқалап отыр, сондықтан Димаштың неғұрлым дұрыс образда шығуына біз де мүдделіміз. Біз көпшіліктің тілекші болғанын қалаймыз.

Manga D’R’S-тің алғашқы шығарылымында Димаш фанаттарға үйреншікті, әрі өмірдегі шын бейнесі – сүйкімді образда шығады. Алайда, әнші мен Manga-дағы өзге кейіпкерлердің айналасында жұмбақ жағдайлар болады. Ол туралы Manga-ның өзінен оқи аласыздар. Сюжеті тартымды болатынына кепіл береміз. Ал егер Manga контекстіндегі жанрына келер болсақ, сюжет Сейнен жанрында өрбиді».

NB. Сейнен – бас кейіпкердің қалыптасуы мен айналасында сюжеттің романтикалық нұсқасына жол беретін Manga жанры.

Dimash Manga жобасының дамуы

@dk_media_world редакциясының өтініші бойынша, Andrew B. Dimash Manga жобасының даму барысын қалай елестететіні және Димаштың жанкүйерлеріне не ұсына алатыны туралы айтып берді:

«Бірінші кезекте Manga-ның алғашқы бөлімінен кейін Димаштың жанкүйерлері мен осы жанрдың бүкіл әлем бойынша табынушыларының пікірін білгіміз келеді. Әрине, оқиғаның қалай өрбитіні туралы идеяларымыз бар. Алдағы шығарылымдарында фанаттар сүйікті артистерін Manga беттерінен жиі көре алады, оның басынан кешетін оқиғаларын да біліп отырады. Сюжет өрбіген сайын әнші мен жұлдызды көріп қана қоймай, Димашпен жақынырақ танысып, оны басқа қырынан да білетін боламыз».

Қызықтырып қойды ма?! Жауаптан гөрі сұрақ көп. Болашақта Димаштың Manga әлеміндегі оқиғалары туралы біле аламыз, біз білетін, біз жақсы көретін Димаштың шынайы келбеті мен әдеби кейіпкердің ұқсастығы мен айырмашылығын да байқай аламыз. Жаңалық күтіңіз!

DK Media World EFC (@dk_media_world)

Димаш Манга ресми әлеуметтік желілердегі парақшалары:

Instagram: https://instagram.com/Dimash.Manga
Facebook: https://facebook.com/dimash.manga.drs/
Twitter: https://twitter.com/DimashManga
YouTube: https://youtube.com/c/dimashmanga
Telegram: https://t.me/dimash_manga
ВКонтакте: https://vk.com/dimash.manga
Одноклассники: https://ok.ru/dimash.manga
Tik Tok: https://tiktok.com/@dimash.manga