Басты кейіпкері Димаш болатын «D’R’S» мангасына алдын ала тапсырыс қабылдана бастады

974

6 шілдеде Димаш қатысатын «D’R’S» мангасының алғашқы электронды шығарылымына алдын ала тапсырыс қабылдана бастады. Электронды нұсқасы шыққаннан кейін екі аптадан соң стандартты және Premium баспа нұсқаларына да тапсырыс жасау мүмкін болады. Алдын ала тапсырыс DimashManga.com ресми сайтында жасалады.

Димаш Құдайберген қатысатын «D’R’S» мангасы жобасы әншінің туған күні 24 мамырда таныстырылды. 6 шілдеден бастап DimashManga.com сайтында электронды манга басылымына 7,99$ жеңілдікпен (8,99$ орнына) алдын ала тапсырыс қабылдана бастады. Бұл баға осы жылдың 23 шілдесіне дейін сақталады. Алдын ала тапсырыс рәсімдеп, төлем жүргізу үшін сайтта тіркеуден өту керек.

Ресми сатылым тамыз айына жоспарланып отыр. 10 тамызда ағылшын, жапон, қытай және орыс тіліндегі нұсқалары сатылымға шығады. Қазақ, испан және корей тілдерінде 17 тамызда сатыла бастайды.

Сонымен бірге, #DRScontest және #MangaDRSartcontest конкурсының қатысушыларына қазірден бастап манганың жүлделі және жеңілдігі қарастырылған нұсқаларына тапсырыс жасауға болады.

Сіздердің назарларыңызға «D’R’S» мангасының ресми трейлерін ұсынамыз.

Димаш Манга ресми әлеуметтік желілердегі парақшалары:

Facebook https://facebook.com/dimash.manga.drs
Instagram https://instagram.com/Dimash.Manga
Twitter https://twitter.com/DimashManga
YouTube https://youtube.com/dimashmanga
ВКонтакте https://vk.com/dimash.manga
Одноклассники https://ok.ru/dimash.manga
Telegram https://t.me/dimash_manga
Tik Tok https://tiktok.com/@dimash.manga
Weibo https://www.weibo.com/u/6345786978