Dimash Manga жобасы баспа нұсқасының жарыққа шығатын уақытын жариялады

83

Димаш Құдайбергеннің «D’R’S» тарымен мангасын Dimash Manga ресми жобасы баспаға жіберді. Тираж «Standard» және «Premium» нұсқасында басылады. Ағылшын, орыс, испан тілдеріндегі нұсқа 2020 жылдың 18 қыркүйегінде дайын болады. Осы күннен бастап манганың баспа түрі сатылымға шығарылады.

Манга баспадан шығып, дайын болған уақытта тапсырыс берген сатып алушылардың e-mail пошталарын ескерту хабарлама жіберіледі.

Орыс, ағылшын және испан тілдеріндегі манганың баспа нұсқасы дайын болған уақытта алдын-ала тапсырыс беру тоқтатылады. Басқа тілдердегі мангаға жеңілдетілген бағамен алдын ала тапсырыс беруге болады. Манга баспаға тапсырыс көлеміне қарай жіберілетін болады.

Баспа нұсқасының әрлеуіне өзгеріс енгізілгеніне назар аударыңыздар: «Premium» мұқабасының дизайны жаңартылды.

Dimash Manga стандартты нұсқаның мұқабасына да түзету енгізілді. Сайтта оңнан солға қарай оқу тәртібі көрсетілген. Жаңа опцияларды Dimashmanga.com веб-сайтынан және жобаның әлеуметтік желілерінен көріңіз!

Айта кетсек, 7 тілдегі мангаға енді француз тілі де қосылды. Manga D’R’S электронды нұсқасы тапсырыс беруге қолжетімді. Жобаның www.dimashmanga.com ресми сайты арқылы ақысын төлеп, 8 тілдегі нұсқасын жүктеп алуға болады. Қазақ, ағылшын,жапон, орыс,қытай, испан,кәріс және француз тілдерінде.

Manga D’R’S-қа әлемнің әр түпкірінде отырып, кез-келген карта арқылы төлем жасауға болады. Сатып алушы Яндекс Кассамен Visa, MasterCard, Maestro, American Express, Мир, JSB, Diners Club төлем карталарын пайдалана алады. Өзге де төлем жүйелері жүзеге асады. Нақтырақ ресми сайттың «Тапсырыс қалай» бөліміндегі батырманы басып біле аласыз.

«Dimash Manga» жөнінде маңызды ақпараттар, жаңалықтарды жобаның ресми парақшаларынан бақылап отыруға болады: (InstagramFacebookTwitterВконтактеОдноклассникиTelegramYouTubeWeibo).