Димаш Michael Kors пен бірлесіп БҰҰ Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасына қолдау көрсетеді

915

Димаш Майкл Корс және Michael Kors  брендімен серіктестігін жариялады. Мақсат  БҰҰ-ның Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы арқылы әлемдегі ашаршылық мәселесіне назар аудару.

«Мен @MichaelKors #FoodIsLove @WorldFoodProgramme (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы) жобасын қуана қолдаймын. Олардың балаларды тамақтандыру арқылы әлемдегі азық-түлік мұқтаждығын жою мақсаты маған жақын, әсіресе пандемия кезінде. Сатылған әр “Love” футболкаларынан түскен қаржы түгел ДАБ –қа аударылады (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы). Маған оларға қолдау таныту үшін сіздердің көмектеріңіз қажет-футболкамен суретке түсіп #WATCHHGGERSTOP және @michaelkors тегтеңіз. Әр пост пен сторис үшін «Michael Kors» БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына 50 адамдық түскі ас бөледі! Сілтемесі БИО-да», – деді Димаш.

View this post on Instagram

“I am happy to support the @MichaelKors initiative, #FoodIsLove, with the @WorldFoodProgramme (WFP). Their mission to achieve zero world food hunger by providing meals to children is something very close to my heart particularly during the pandemic. All proceeds from every Love shirt purchased will help support the WFP. Help me support them and get your own! Link in bio. Мен @MichaelKors #FoodIsLove @WorldFoodProgramme (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы) жобасын қуана қолдаймын. Олардың балаларды тамақтандыру арқылы әлемдегі азық-түлік мұқтаждығын жою мақсаты маған жақын, әсіресе пандемия кезінде. Сатылған әр “Love” футболкаларынан түскен қаржы түгел ДАБ –қа аударылады (Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы). Маған оларға қолдау таныту үшін сіздердің көмектеріңіз қажет-футболкамен суретке түсіп #WATCHHGGERSTOP және @michaelkors тегтеңіз. Әр пост пен сторис үшін «Michael Kors» БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына 50 адамдық түскі ас бөледі! Сілтемесі БИО-да. Я рад поддержать инициативу @MichaelKors #FoodIsLove совместно со Всемирной программой продовольствия (ВПП) @WorldFoodProgramme. Их миссия по полной ликвидации продовольственного голода в мире путем обеспечения детей питанием мне очень близка, особенно во время пандемии. Все доходы от каждой купленной футболки «Love» помогут поддержать ВПП. Помогите мне поддержать их – опубликуйте фото в футболке с тегом #WATCHHUNGERSTOP и @michaelkors. За каждый пост и сториз «Michael Kors» пожертвует по 50 порций обеда во Всемирную Продовольственную Программу ООН! Ссылка в био. #WatchHungerStop #FoodIsLove #Dimash

A post shared by Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash) on

Сіз де өз үлесіңізді қосып, маған қолдау таныта аласыз! Ол үшін сатып алған футболкамен түскен суретіңізді өз парақшаңызға жариялаңыз.  #WATCHHGGERSTOP және @michaelkors тегтерін белгілеуді ұмытпаңыз. Әр пост пен сторис үшін «Michael Kors» БҰҰ-ның Дүниежүзілік Азық-түлік бағдарламасына 50 адамдық түскі ас бөледі! 1 футболка алып, 50 адамның ас ішуіне себепкер боласыз! Сілтемесі БИО-да.

Егер сіз «Michael Kors» ресми сайтына кіре алмасаңыз. Оны сатып алу мәселесі туындаса біздің DEAR-лар қуана көмектеседі. Сатып алу туралы нақты ақпаратты олардың әлеуметтік желідегі парақшалары мен медиа профильдерінен көре аласыз! #WatchHungerStop.

 «MICHAEL KORS» бренді

Майкл Корс – әлемге танымал дизайнер. Сәнді аксессуарлар мен киім дизайнері. Халықаралық деңгейдегі бірнеше марапаттың иегері. Өз есімімен аталатын компания 1981 жылы құрылды. Қазір «Michael Kors Collection», «MICHAEL Michael Kors» және «Michael Kors Men’s» брендтерімен өнім шығарады. Дизайнерлік сән желісінде зергерлік әшекей бұйымдар, аяқ киім, сағат, әйелдер мен ерлер киімі және көзілдірік пен парфюмер бар.

Michael Kors дүкендері Нью-Йорк, Беверли Хиллз, Чикаго, Лондон, Милан, Париж, Мюнхен, Стамбул, Дубай, Сеул, Токио, Гонконг, Шанхай, Рио-де-Жанейро секілді әлемдегі ең ірі қалаларда тікелей жұмыс істейді. Лицензияға ие болған серіктестері де бар.

Компания қызметкерлерді тұрмыстық деңгейі, жеке ұстанымына емес ынтасы, дарыны мен тәжірибесіне қарап жұмысқа қабылдайды. Түрлі көзқарастағы мамандарды еңбекпен қамтып, олардың әлеуметтік жағдайына қолдау таныту компания үшін жетістік. Әлемдегі түрлі оқиғалар, мәдени шаралар ескерусіз қалмайды. Бұл тәжірибе мен шыңдалуға, жаңашылдыққа апаратын негізгі жол.

Бұл империяның артында әлемді мойындатқан, сән әлемінің дарынды майталман дизайнері тұр. Сән индустриясындағы көшбасшылардың бірі-  Майкл Корс әлемге қайырымды істерімен жақсы таныс. Миллиондаған жанның алғысы мен құрметіне бөленді. Ол өзін және өз өмірін нәзік, таңғажайып және заманауи стильге  түгел арнады. Оның өмірі де стилі секілді таңғажайып, әдемі және көпке белгілі.