MTV ресми YouTube каналынан Димаштың клипі қайта көрсетеді

1031

9 қазан күні MTV-дің ресми YouTube каналындағы тікелей эфирде Димаштың тағы бір бейнебаяны көрсетіледі.

Естеріңізге салсақ, MTV-дің ресми YouTube каналы тұңғыш рет 2 қазан күні Димаш Құдайбергеннің «Қайран елім» шығармасының көрсетілімі н берген болатын. Ол үлкен көрсеткішке ие болды. Әлемнің ір түпкіріндегі Dear-лардың дауыс беруі арқылы, сұранысқа ие орындаушылардың үздік бестігіне енді.

DimashNews редакциясы Димашты шын жүректен құттықтайды . Сондай-ақ, жанкүйерлеріне зор алғыс білдіреді! Жаңалықтарды жіберіп алмай, біздің сайтты бақылап отырыңыз!