ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

Dears Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық...

Қазақстан мен Мексика арасындағы мәдени диалог: Димаш шығармашылығына арналған 60 кітап мексикалық тыңдармандарына жол тартты

«Алматы кітап» баспасынан жарық көрген «Шексіз музыка» («Бесконечная музыка») кітабының 60 данасы Алматы қаласынан Мексикаға Димаш Құдайбергеннің жергілікті жанкүйерлер қауымдастығына жеткізілді. 29 тамызда кітаптар Мексикадағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде мексикалық Dears өкілдеріне ресми түрде табысталды.

Кітаптарды табыстау рәсіміне Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшісі Алмұрат Тұрғанбеков, дипломатиялық өкілдік қызметкерлері, Елшілік кеңесшісі Ерлан Құбашев, сондай-ақ мексикалық Dears қауымдастығының өкілдері қатысты. Елші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына шынайы қолдау көрсетіп, Қазақстанға қызығушылық танытып келе жатқан жанкүйерлерге алғысын білдірді.

Кітаптарды табыстау рәсімі Димаштың Мексикада өтетін бірқатар концерттерінің қарсаңында ұйымдастырылды. Қараша айында өнер иесі Мехико, Мерида, Монтеррей және Гвадалахара қалаларында төрт концерт өткізеді. Аталған концерттерге Латын Америкасының өзге де елдерінен жанкүйерлердің келуі күтілуде.

Концерттер қарсаңында Қазақстанның Мексикадағы Елшілігі жергілікті аудиторияны Қазақстанмен таныстыруға бағытталған мәдени бастамаларды одан әрі жалғастыруды жоспарлап отыр. Атап айтқанда, Димаштың концерттері өтетін төрт қалада Қазақстанға арналған фотокөрмелер ұйымдастыру көзделуде. Бұл бастамаға жергілікті Димаш жанкүйерлері де қолдау білдіріп отыр.

Кездесу барысында Алмұрат Тұрғанбеков қатысушыларға Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан өзгерістер мен жаңғыру үдерістері туралы да ақпарат беріп, екі ел арасындағы достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

Елшінің айтуынша, мәдени ынтымақтастық Қазақстан мен Мексика халықтары арасындағы өзара түсіністікті нығайтуда айтарлықтай әлеуетке ие. Осы тұрғыдан алғанда, Димаштың халықаралық деңгейдегі танымалдығы шетелдік аудиторияны Қазақстанмен, оның мәдениетімен және қазіргі даму үдерістерімен таныстырудың маңызды мүмкіндіктерінің біріне айналып отыр.

Соңғы жаңалықтар

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...