ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears «AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне...

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Dears «AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

«AQERKE» әні Channel R Radio жазғы хит-парадының үздік үштігіне енді

Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» композициясы халықаралық Channel R Radio радиостанциясы ұйымдастырған #UltimateSummerCountdown жазғы қорытынды рейтингінің үздік үштігіне енді.

Channel R – заманауи танымал музыка мен жаңа музыкалық релиздерге маманданған тәулік бойы жұмыс істейтін онлайн-радиостанция. Радиостанция жарнамасыз хабар таратып, өзінің мобильді қосымшасы және iHeartRadio, Audacy, TuneIn, Apple Music сияқты кеңінен қолданылатын стримингтік платформалар арқылы дүниежүзі тыңдармандарына қолжетімді.

#UltimateSummerCountdown жазғы рейтингі тыңдармандардың жаһандық дауыс беруі нәтижесінде қалыптастырылды. Қорытынды тізімге 20 композиция енгізіліп, олардың нақты реттік орны Channel R радиосының әлемнің әр түкпіріндегі тыңдармандарының дауыс беру нәтижелері негізінде анықталды. Дауыс беру 3 қыркүйекте аяқталып, қорытынды рейтинг 5 қыркүйекте жарияланды.

Дауыс беру қорытындысы бойынша Димаш Құдайбергеннің «AQERKE» әні рейтингте үшінші орынға ие болды. Осылайша, композиция Channel R халықаралық аудиториясының бағалауы бойынша жазғы маусымдағы ең танымал үш әннің қатарына енді.

Соңғы жаңалықтар

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...

Димаш Құдайберген Польшадағы концертімен DIMENSIONS атты жаңа әлемдік турын бастады

18 қазанда Польшаның Краков қаласындағы Tauron Arena стадионында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген өзінің жаңа DIMENSIONS шоуын көпшілік назарына...

Польшада Димаш жанкүйерлерінен құралған хор қазақша әндер орындады

17 қазанда Краковта өткен Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлерінің кездесуінде DiVoices хоры өнер иесінің репертуарындағы қазақ тіліндегі әндерді орындады. Хордың өнер...

Музыка, поляк дәстүрлері және әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған Dears: Краковта Димаш жанкүйерлерінің кездесуі өтті

17 қазанда ICE Kraków конгресс орталығында Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концертіне және жаңа DIMENSIONS әлемдік турының ашылуына орай жанкүйерлер...