ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Dears Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Әлемнің әр түкпірінен Димаштың жанкүйерлері DIMENSIONS әлемдік турына дайындалуда

Димаш Құдайбергеннің жаңа DiMENSIONS әлемдік турының басталуына бір айдан сәл астам уақыт қалды. Алдағы концерттер қарсаңында әр елдегі өнерпаздың жанкүйерлері ақпараттық және шығармашылық акциялар ұйымдастырып, өз қалаларының тұрғындарын қазақстандық орындаушының шығармашылығымен таныстырып, оның келуіне дайындық жүргізуде.

DiMENSIONS World Tour турының алғашқы аялдамасы Краков қаласы болады. Мұнда 18-ші қазанда Димаштың Польшадағы алғашқы жеке концерті өтеді. Осы оқиға қарсаңында өнерпаздың поляк жанкүйерлері қалада екі күндік акция ұйымдастырды.

«Ашық Краков» бағдарламасының 10 жылдығына арналған пикник барысында Dears қала тұрғындары мен қонақтарына Қазақстан, Димаш және оның шығармашылығы туралы айтып берді.

Келесі күні фан-клуб мүшелері Кракус қорғанынан Краковтың Бас алаңына дейін жаяу жүріп өтіп, алдағы концерт туралы ақпараттық материалдар таратты.

DiMENSIONS турына дайындық Испанияда да белсенді түрде жүріп жатыр. 30-шы қазанда Димаш Мадридтегі Palacio Vistalegre сарайында өз шоуын ұсынады.

Испандық фан-клуб 16-шы маусымда басталған ауқымды ақпараттық науқан жүргізуде. Оның мақсаты — кең аудиторияны Димаштың шығармашылығымен және оның Испаниядағы екінші жеке концертімен таныстыру.

Бастамаға қатысушылар елдің түрлі қалаларында ақпараттық материалдар таратып, афишалар орналастыруда. Бүгінде науқанға 150-ден астам дүкен мен түрлі мекеме қосылды, ал олардың саны әлі де артып келеді.

Осы уақытта Латын Америкасында да өнерпазды қарсы алуға дайындық жүріп жатыр. 24-ші қарашада Димаш Чилиде алғаш рет жеке концертін өткізеді — DiMENSIONS шоуы Сантьягодағы Movistar Arena сахнасында өтеді.

Өнерпаздың елдегі алғашқы концертіне деген қызығушылық жоғары болды: концерт билеттері толығымен сатылып кетті.

Димаштың Чилиге алғашқы сапары қарсаңында Сантьягоның басты магистральдарының біріндегі үлкен цифрлық экранда өнерпазға арналған арнайы құттықтау пайда болды.

Бұл бастама — чилилік жанкүйер қызға жарнама саласында жұмыс істейтін ұлының жасаған сыйы. Анасының Димаш шығармашылығына деген сүйіспеншілігін білетін ұлы Қазақстандық өнерпаздың Чилиге алғашқы сапарына орай құттықтау хабарламасын орналастыруды ұйымдастырған.

Хабарлама экранда пайда болған сәтте оның жанына чилилік фан-клуб өкілдері жиналып, көптен күткен оқиғаның жақындағанын бірге атап өтті.

Осылайша, DiMENSIONS World Tour басталмай тұрып-ақ алдағы концерттер әлемнің әр түкпіріндегі Димаш жанкүйерлерін біріктіруде. Еуропа қалаларынан бастап Латын Америкасына дейін Dears өз бастамаларын жүзеге асырып, жаңа тыңдармандарға өнерпаздың шығармашылығы туралы айтып, жаңа әлемдік турды қарсы алуға дайындалуда.

Соңғы жаңалықтар

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...

Димаш Құдайбергенді Юкатан түбегінде жылы қарсы алып алды

Бір жарым тәулік бойы жол жүріп, бірнеше әуе рейсін ауыстырған Димаш Құдайберген мен оның шығармашылық ұжымы жер шарының жартысын...

Димаш Құдайбергеннің Испаниядағы концертіндегі «Ақ желпуіш» флешмобы: өнерпаздың жанкүйерлері қазақ мәдениетіне қолдау көрсетті

30 қазанда Димаштың Мадридте өткен алғашқы жеке концертінде Dimash Qudaibergen Fan Club Oficial España фан-клубының бастамасымен «La Gran Voz...