ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

Dears Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны – «Түркі жүзжылдығы: тілде, пікірде және істе бірлік».

Саммитке Түркі мемлекеттері ұйымына мүше бес елдің – Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Әзербайжан және Түркияның басшылары қатысты. Сонымен қатар жиынға бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан, Түрікменстан және Солтүстік Кипр Түрік Республикасының өкілдері шақырылған.

29 қазанда Президенттік конгресс және мәдениет орталығында Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдер басшыларының құрметіне арналған арнайы концерт өтті.

Концерттің қорытынды бөлімінде Қазақстан мен Қырғызстанның халық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.

Өнерпаздың орындауында оның шығармашылық қолтаңбасына айналған француз тіліндегі «SOS d’un terrien en détresse» туындысы, сондай-ақ заманауи өңдеудегі қазақтың халық әні «Самалтау» мен «Адай» күйі шырқалды.

Димаш Құдайберген туған елінің дәстүрлі музыкасын мәртебелі қауымға аспаптық өнер шеберлері – домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыздың, қобызшы Олжас Құрманбек пен сыбызғышы Санжай Әлмішевтің сүйемелдеуімен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...