ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

Dimash World Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena Concert» атты концерт өтті. Ауқымды музыкалық кеште Түркия Президенттік симфониялық оркестрі мен түркі әлемінің таңдаулы классикалық вокал орындаушылары бас қосты.

Қазақстан мен Қырғызстанның халық әртісі, ТҮРКСОЙ ұйымының жоғары марапаты – «Түркі әлемінің мәдениет елшісі» орденінің иегері Димаш Құдайберген концертке арнайы шақырылған құрметті қонақ ретінде қатысты.

Дирижер Джеми Джан Делиорманның жетекшілігімен Түркия Президенттік симфониялық оркестрі әлемдік классикалық музыка мұрасының танымал туындыларын орындады. «Ankara Arena» сахнасында Нино Ротаның «Parla più piano», Джузеппе Вердидің «Травиата» операсынан «Brindisi», Латиф Хамидидің «Бұлбұл» шығармалары және басқа да әйгілі музыкалық туындылар шырқалды.

Концертте сопрано Зарина Алтынбаева мен Салтанат Дәулетханова (Қазақстан), тенор Мұрат Карахан мен сопрано Берил Йөрекли Эл (Түркия), тенор Атаджан Бердиев (Түрікменстан), сопрано Заира Раимбекова (Қырғызстан), тенор Умид Шавкат Угли (Өзбекстан) және тенор Рамиль Гасымов (Әзербайжан) өнер көрсетті.

Димаш Құдайберген Түркия Президенттік симфониялық оркестрінің сүйемелдеуімен өзінің «Ұмытылмас күн» атты авторлық композициясын қазақ тілінде орындап, әлемдік рок музыкасының классикасы саналатын Queen тобының «The Show Must Go On» туындысын көпшілік назарына ұсынды.

Сонымен қатар қазақстандық әнші танымал түрік диджейі Бурак Йетермен бірлесіп жазған «Weekend» композициясын және жуырда тұсауы кесілген, түрік тіліндегі алғашқы авторлық әні «Yazgı» туындысын орындады.

Димаштың сахнадағы өнерін кешке жиналған көрермендер ыстық ықыласпен қарсы алып, үздіксіз қолдау көрсетті. Әнші көрермендермен қазақ, ағылшын және түрік тілдерінде амандасып, алғысын білдіре отырып, бауырлас түрік халқының алдында өнер көрсетуді зор қуаныш әрі мәртебе санайтынын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....