Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода қазақстандық әншінің алдағы концерттеріне арналған тематикалық автобус қатынай бастады.

Автобус 2026 жылғы 21 қарашаға дейін қала көшелерімен қатынайды. Оның бағыты Мексика астанасының көрнекті орындары мен қозғалысы қарқынды аудандарын қамтиды. Атап айтқанда, автобус әйгілі Пасео-де-ла-Реформа даңғылы (Paseo de la Reforma), Периферико айналма жолының солтүстік бөлігі (Periférico), Ұлттық аудиториумның маңы (Auditorio Nacional), сондай-ақ Глориета-де-Петролеос (Glorieta de Petróleos) және Чапультепек (Chapultepec) аудандары арқылы өтеді.

Осылайша, жоба аясында Мехиконың көлік қозғалысы ең қарқынды көшелерімен қатынайтын болды. Осылайша, тематикалық автобус бір айға жуық уақыт бойы қаланың күнделікті қоғамдық кеңістігінің бір бөлігіне айналады.



