ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

Dears Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды. Димаштың Испаниядағы ресми фан-клубының атынан қызмет ететін La Gran Voz Kazaja қауымдастығы есту және көру қабілеті қатар бұзылған адамдарға көмек көрсететін APASCIDE ұйымының Santa Ángela de la Cruz орталығына қолдау көрсету мақсатында 3 000 еуро бөлді.

Фан-клуб өкілдерінің айтуынша, қайырымдылық шарасын ұйымдастыруға Димаштың игі істері мен өзгелерге қолдау көрсетудің маңыздылығын үнемі дәріптеп жүрген өнегесі үлгі болған екен. Биыл жанкүйерлер өнерпаздың Испанияға келуіне орай ерекше сый жасауды ұйғарып, көмекке мұқтаж жандарға қаржылай қолдау көрсетуді жөн көрген.

La Gran Voz Kazaja қауымдастығының өкілдері Santa Ángela de la Cruz орталығына арнайы барып, мекеме қызметкерлерімен және қамқорлығындағы жандармен кездесті. Сондай-ақ орталықтың жұмысымен танысып, есту және көру қабілетінен қатар айырылған адамдарға күнделікті көрсетілетін күтім мен қолдау шаралары туралы мәлімет алды.

«Димаштың игі істерінен үлгі алып, оның ізгі бастамаларын жалғастыру мақсатында көмекке аса мұқтаж жандарға қолдау көрсетуді ұйғардық. Ең құнды сыйлық – өзгелерге жақсылық жасау мүмкіндігі деген сенімімізді Димаш та қолдайтынына кәміл сенеміз», – деп атап өтті фан-клуб өкілдері.

Кездесуге қатысушыларға орталықтың «Біз – сіздердің ортақ көздеріңіз бен құлақтарыңызбыз» деген ұраны ерекше әсер қалдырды. Өз кезегінде испаниялық Dears жанкүйерлері бұл сөздерді «Біз сіздердің дауыстарыңыз әрі жүректеріңіз болғымыз келеді» деп символдық мәнде толықтырды.

Орталықтың қамқорлығындағы жандар да Димаш Құдайберген мен оның жанкүйерлеріне арнап ым тілі арқылы алғыстарын білдірді:

«Димаш, APASCIDE ұйымының есту және көру қабілетінен қатар айырылған жандарына көрсеткен қолдауыңыз үшін рақмет! Dears, Santa Ángela de la Cruz орталығына арнайы келгендеріңіз үшін сіздерге де алғыс айтамыз! Баршаңызға рақмет!».

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....

Димаш Құдайбергеннің жаңа турындағы авторлық әндері: Дюссельдорфта өткен DIMENSIONS шоуы

Польшада бастау алған Димаш Құдайбергеннің жаңа әлемдік концерттік туры Германияда жалғасты. 24 қазанда Дюссельдорф қаласындағы PSD BANK DOME аренасында...

Домбыра үнінен халық әндеріне дейін: Дюссельдорфта Dears жанкүйерлері бас қосты

Димаш Құдайберген Дюссельдорф қаласына келді. 24 қазанда PSD Bank Dome аренасында өнерпаздың DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы екінші концерті өтеді....

«Адам дауысының мүмкіндігі қаншалықты шексіз?»: Польша басылымдары Димаштың Краковтағы концерті туралы

18 қазанда Краков қаласындағы TAURON Arena сахнасында өткен Димаш Құдайбергеннің Польшадағы алғашқы концерті DIMENSIONS әлемдік турының шымылдығын ашып, поляк...

Қанат пен Светлана Айтбаевтар Польшадағы Radio Dimash радиостанциясының қонағы болды

Димаш Құдайбергеннің жаңа DIMENSIONS әлемдік туры бастау алған Польшадағы алғашқы концертінен кейін өнер иесінің ата-анасы Қанат Айтбаев пен Светлана...