ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Dimash World Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды

Димаш Құдайбергеннің Чилидегі алғашқы концерті қарсаңында Сантьяго қаласында екі елдің мәдениетін тоғыстырған ерекше музыкалық жоба таныстырылды. Чилилік 11 жастағы әнші Максимо Леон Қазақстаннан шыққан өнер иесіне арнап, «Kazajistán, pueblo valiente» («Қазақстан – айбынды халық») атты ұлттық куэканы орындады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Maximo León (@maximoleonlavoz)

Музыкалық туынды Чили Үкіметінің резиденциясы орналасқан Ла-Монеда сарайының алдында орындалды. Жобаның бастамашылары – жас әнші Максимо Леон және «Чили – Қазақстан» достық қоғамының тең директоры Кармен Сандовал болды.

Жоба Чилиде дәстүрлі түрде қыркүйек айында атап өтілетін ұлттық мерекелер – Fiestas Patrias аясында ұйымдастырылды. Сонымен қатар, жоба авторлары бұл өнер түрін Қазақстанға және DIMENSIONS әлемдік туры аясында Чилиде алғаш рет өнер көрсететін Димаш Құдайбергеннің алдағы сапарына арнады.

Куэка – Чилидің ұлттық биі әрі елдің мәдени кеңістігінде айрықша орын алатын өнер түрі. Жоба авторларының айтуынша, чилиліктер үшін куэка жай ғана би емес. Ол халықтың тарихын, поэзиясын және дәстүрін танытатын мәдени құбылыс ретінде қабылданады. Куэка отбасы мүшелері мен достарды біріктіріп, өзге елдермен достық байланыс орнатудың өзіндік мәдени көпірі қызметін де атқарады.

Кармен Сандовалдың айтуынша, «Kazajistán, pueblo valiente» – өзге мемлекетке толықтай арналған алғашқы куэка екен.

Жоба авторлары Димаштың әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлеріне, соның ішінде қараша айында әншінің концертіне қатысу үшін Сантьягоға арнайы келетін Dears өкілдеріне ерекше үндеу жолдады. Олар ұлттық мәдениеттің басты символдарының бірі саналатын куэка арқылы шетелдік қонақтарды Чилидің дәстүрлерімен таныстырып, сонымен бірге Қазақстанға деген құрметін білдіруді мақсат етті.

Кармен Сандовалдың пікірінше, куэка – чилиліктер қадір тұтып, сүйіп орындайтын ұлттық мәдени мұра. Ол халықтың тарихын, поэзиясын, дәстүрін және рухани беріктігін танытады. Жоба авторы бұл туындыны Қазақстан халқына деген достық ниеттің көрінісі ретінде бағалайды.

Композицияның мәтінін Кармен Сандовал, ал музыкасын Мундака Антинао есімді апалы-сіңлілер жазған. Жоба Latin Cover Chile және Coliseo Kids ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылса, ал дыбысжазбасы RA Estudio студиясында жасалды.

24 қарашада Димаш Құдайберген Чилиде алғаш рет өнер көрсетеді. DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерт Сантьяго қаласындағы Movistar Arena сахнасында өтеді.

Соңғы жаңалықтар

«Біз сені жақсы көреміз. Рақмет. Бейбітшілік пен махаббат»: Димаштың Мадридтегі концерті әлемнің түкпір-түкпірінен келген жанкүйерлердің басын қосты

30 қазанда Мадридтегі Palacio Vistalegre спорт сарайында Димаш Құдайбергеннің Испания астанасындағы алғашқы жеке концерті өтті. Бұл 18 қазанда басталған...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...