ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне...

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

Dimash World Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды.

Іс-шараға қазақстандық өнерпаздың әлемнің түкпір-түкпірінен Испания астанасына арнайы келген жанкүйерлері қатысты. Ұйымдастырушылар қазақтың ұлттық дәстүрлері, испан өнері және Димаштың музыкалық шығармашылығы тоғысқан мазмұнды мәдени бағдарлама әзірледі.

Кештің ерекше сәттерінің бірі Севильядағы El Boti испан фламенко мектебі өнерпаздарының қойылымы болды. Олар қазақтың «AQERKE» халық әніне фламенко стилінде би қойылымын ұсынып, қазақтың ұлттық әуенін испан биіне тән қимыл-қозғалыс мәнерімен және көркемдік әсерлілігімен үйлестірді.

Кештің құрметті қонақтары қатарында Қазақстан Республикасының Испаниядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Данат Мұсаев, Қазақстан елшілігінің өкілдері, әншінің отбасы мүшелері мен шығармашылық ұжымы, Испаниядағы қазақ диаспорасының өкілдері, сондай-ақ «Отандастар» қорының өкілдері мен мәдениет қайраткерлері болды.

Мерекелік бағдарлама жас домбырашылар Әлинұр және Әлихан Амангелділердің «Балбырауын» және «Ер-Тұран» күйлерін орындаған сәтінен басталды. Ұлттық мәдениет тақырыбы қазақстандық дизайнер Тәрбие Айдымбаеваның киім үлгілері топтамасының көрсетілімімен жалғасын тапты.

Кеш бағдарламасында «Наз» мемлекеттік би театрының қойылымына ерекше орын берілді. Театр әртістері қазақтың ұлттық би өнерін дәріптейтін «Шашу», «Қалыңдық биі», «Аққу», «Шернияз» және «Самғау» билерін көпшілік назарына ұсынды.

Кештің музыкалық бағдарламасын испаниялық орындаушы Jonhy Calleja, сондай-ақ Жанель Әли, Viryam Amor Ondas және Rachel Rustria сынды әншілердің өнер көрсетуі толықтырды. Олардың орындауында көпшілікке танымал музыкалық шығармалармен қатар Димаш Құдайбергеннің репертуарындағы «Unforgettable Day», «Tau Ishinde», «Ave Maria», «SOS» және басқа да композициялар шырқалды.

Сонымен қатар жанкүйерлер «Living for the Game» композициясына арнайы би қойылымын дайындады. Бағдарлама соңында қатысушыларға естелік сыйлықтар табысталып, мерекелік кеш Димаштың әндеріне арналған би бағдарламасымен жалғасты.

Бүгін, 30 қазанда, Димаш Құдайберген Краков пен Дюссельдорфта өткен концерттерінен кейін DIMENSIONS әлемдік турының еуропалық кезеңін жалғастырып, Мадридте алғаш рет жеке концертін береді.

Соңғы жаңалықтар

Бір биде тоғысқан екі мәдениет: Мадридте қазақтың «AQERKE» әніне фламенко биі орындалды

29 қазанда Мадридте Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концертіне орай әншінің жанкүйерлері дәстүрлі мерекелік кездесу (пре пати) ұйымдастырды. Іс-шараға...

Димаш Құдайберген Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің басшыларына арналған концертте өнер көрсетті

29–30 қазан күндері Анкара қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) XIII саммиті өтті. Алқалы жиынның басты тақырыбы мен ұраны –...

Димаш Құдайберген Түркияда Түркі мемлекеттері ұйымының арнайы концертінде өнер көрсетті

28 қазанда Анкарада Түркия Республикасының құрылғанына 103 жыл толуына орай Түркі мемлекеттері ұйымы ұйымдастырған мәдени іс-шаралар аясында «Grand Arena...

Димаш Құдайбергеннің концерттері қарсаңында Мехикода арнайы автобус қатынай бастады

Димаш Құдайбергеннің Мексикада өтетін концерттері қарсаңында әншінің жанкүйерлері Мексика астанасының көшелерінде ерекше жобаны жүзеге асырды. 23 қазаннан бастап Мехикода...

Димаштың Испаниядағы жанкүйерлері концерт қарсаңында қайырымдылыққа 3 000 еуро жинады

30 қазанда Мадридте өтетін Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы концерті қарсаңында өнерпаздың испаниялық жанкүйерлері қайырымдылық бастамасын жүзеге асырды....