ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

Dimash World Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

Димаш Құдайберген Костенко атындағы шахтаға түсті

29 тамызда Қарағанды қаласында Кеншілер күніне орай 250 мыңға жуық адам қатысқан ауқымды мерекелік концерт өтті. Іс-шарадан кейін концерттің хедлайнері, Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген Qarmet компаниясына қарасты Костенко атындағы шахтаға барды.

Өнер иесін танымал қазақстандық кәсіпкер, «Qarmet» АҚ және Allur компаниялар тобының директорлар кеңесінің төрағасы Андрей Лаврентьев қарсы алды.

Димаш шахтаға 700 метр тереңдікке түсіп, кеншілердің қандай жағдайда еңбек ететініне және олардың жұмысының қаншалықты күрделі әрі жауапты екеніне көз жеткізді. Әншіге шахтаның жұмыс барысы, жер астындағы жұмысшылардың орналасқан жерін бақылауға мүмкіндік беретін заманауи қауіпсіздік және позициялау жүйелері таныстырылды.

Димаш өзінің Instagram парақшасында кеншілермен жүзбе-жүз кездескеніне қуанышын білдіріп, олардың ерен еңбегіне өзінің шынайы құрметі мен алғысын жеткізді. Сондай-ақ ол кеншілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, шахталарда жаңғырту жұмыстарының тұрақты түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.

«Бұл мамандық иелеріне деген құрметім шексіз. Сіздердің еңбектеріңіз айрықша құрметке лайық! Кеншілер күні құтты болсын! Мықты денсаулық, бақ-береке және қауіпсіз еңбек ауысымдарын тілеймін! Qarmet-ке мың алғыс!» – деп жазды Димаш.

GALLERY

Соңғы жаңалықтар

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...