ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап...

Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Dears Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Димаштың француздық жанкүйерлері Парижден Қазақстан мектептеріне 100-ден астам кітап табыстады

Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына деген қызығушылық француздық жанкүйерлер Надин Пьерро мен Садрин Байи үшін Қазақстанмен жақынырақ танысуға, сондай-ақ екі ел арасындағы мәдени және білім беру байланыстарын дамытуға негіз болды.

Француздық фан-қауымдастықтың өкілдері Қазақстанға бірнеше рет сапарлап келген болатын. Сапарлары барысында олар елдің тарихы, мәдениеті мен білім беру жүйесімен танысып, Қазақстан мен Франция арасындағы гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған түрлі бастамаларға қатысып келеді.

21 тамызда Надин Пьерро мен Садрин Байи Астанаға арнайы келіп, №16 жалпы білім беретін мектепте Төлеген Айбергенов атындағы оқу кабинетінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан еді. Іс-шараға ақынның қызы Айнар Төлегенова және Қазақстан зиялы қауымының өкілдері қатысты.

Сапар аясында француздық қонақтарға Димаш Құдайберген атындағы вокал кабинеті де таныстырылды. Аталған кабинетте вокал бойынша оқу сабақтары өткізіледі.

Француз тілін Қазақстанда оқытуға қолдау көрсету де олардың қызметінің маңызды бағыттарының біріне айналды. Тамыз айында Парижден Алматыға оқушылар мен мұғалімдерге арналған француз тіліндегі 100-ден астам кітап жеткізілді.

Бұл бастама Надин Пьерроның өткен жылы Қазақстанға жасаған сапарынан кейін қолға алынған. Сапар барысында ол Алматы қаласындағы І. Есенберлин атындағы №25 гимназияның француз тілі пәнінің мұғалімі, Қазақстандағы француз тілі оқытушылары қауымдастығының президенті Айгүл Досжановамен танысқан. Дәл осы кездесуден кейін Қазақстанның білім беру ұйымдарына француз әдебиетін табыстау туралы идея туындаған.

Франциядан жеткізілген кітаптар топтамасында балаларға арналған оқу-әдістемелік басылымдар, ертегілер, Франция тарихы мен мәдениетіне арналған кітаптар қамтылған. Сонымен қатар қазақ авторларының француз тіліне аударылған шығармалары да топтаманың ерекше құнды бөлігін құрайды.

Бұл бастаманы жүзеге асыруға Францияда қазақ мәдениетін насихаттаумен айналысатын ALEM қауымдастығы мен Қазақстан Республикасының Франциядағы Елшілігі қолдау көрсетті. Кітаптардың бір бөлігі №25 гимназияның кітапханасында қалдырылса, өзге басылымдарды еліміздің өңірлеріндегі білім беру ұйымдарына табыстау жоспарланып отыр. Әдебиеттердің бір бөлігі биылдан бастап француз тілін оқыту қолға алынатын Ақтөбедегі Назарбаев Зияткерлік мектебіне жіберіледі.

Надин Пьерроның айтуынша, бастаманы одан әрі жалғастырып, француз әдебиетін Қазақстан мектептеріне табыстау географиясын кеңейту көзделіп отыр.

Сонымен қатар тараптар ынтымақтастықты дамытудың өзге де бағыттарын қарастыруда. Атап айтқанда, қазақстандық мұғалімдердің біліктілігін арттыру және кәсіби білімін жетілдіру мақсатында Францияға баруына мүмкіндік жасау мәселесі де талқылануда.

Соңғы жаңалықтар

«Астана – Ташкент»: Қанат Айтбаев бауырлас елдердің достығы мен татулығына арналған жаңа музыкалық туындысын ұсынды

«ДимашАли» шығармашылық орталығы Қанат Айтбаевтың Қазақстан мен Өзбекстанның музыка және би дәстүрлерін тоғыстырған «Астана – Ташкент» композициясына түсірілген бейнебаянды...

Димаш Құдайберген жаңа концерттік турын бастау үшін Польшаға келді

16 қазанда Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайберген шығармашылық ұжымымен бірге Польшаның Краков қаласына келді. Алдағы жексенбіде дәл осы қалада...

Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» жобасына сұхбат берді

Жаңа концерттік туры қарсаңында Димаш Құдайберген Грэмми студиясының «Global Mixtape» атты жаңа жобаның алғашқы шығарылымына қатысты. Журналист Валери Лимен...

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...