ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері...

Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері болды

Dimash World Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері болды

Димаш Құдайберген Қарағандыда Кеншілер күніне арналған мерекелік концерттің хедлайнері болды

29 тамызда Қарағанды қаласының Жаңа алаңында Кеншілер күніне арналған ауқымды мерекелік концерт өтті. Аталмыш шарада мыңдаған қала тұрғындары мен Қазақстанның түрлі өңірлерінен және шетелдерден арнайы келген қонақтар бас қосты.

Концерттік бағдарламаға Қайрат Нұртас пен Дима Билан сынды танымал өнер иелері қатысты. Мерекелік кештің қорытынды бөлімінде Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген арнайы бағдарламасын ұсынып, көрерменге жуырда аяқталған Stranger турындағы композициялармен қатар, заманауи музыкалық премьераларды да тарту етті.

Димаш өз өнерін Golden композициясымен бастады. Бағдарламаға әншінің ағылшын және қазақ тілдеріндегі авторлық туындылары – Smoke, Samgau, Give Me Your Love және Unforgettable Day шығармалары да енді.

Концерттік бағдарламаның маңызды бөлігін композитор Игорь Крутойдың Olimpico, Ave Maria, Stranger және Любовь уставших лебедей сынды туындылары құрады. Әр композиция Димаштың вокалдық мүмкіндіктерінің кең ауқымын танытып, сахнада сан алуан эмоционалдық атмосфера қалыптастыруына мүмкіндік берді.

Бағдарлама барысында өзге авторлардың да туындылары орындалды. Димаш лирикалық сипаттағы Махаббат бер маған композициясын және, динамикалық Weekend әнін орындады.

Концерттің елеулі бөлігі қазақтың музыкалық мұрасына арналды. Сахналық жаңа интерпретацияда Сәкен Сейфуллиннің сөзіне жазылған Tau ishinde, Дурдараз Ешнияз сала шығармалары, сондай-ақ халық әндері Aqerke мен Адай орындалды. Заманауи аранжировкалар, хореографиялық қойылымдар мен музыкалық сүйемелдеу дәстүрлі сарындарды қазіргі сахналық эстетикамен сабақтастыра түсті.

Концерттік бағдарламада Димашпен бірге кәсіби музыкант-аспапшылар да өнер көрсетті. Ұлттық музыкалық аспаптарда қобызшы Олжас Құрманбек, домбырашылар Темірлан Олжабай мен Ернат Наурыз өнер көрсетті. Музыканттар Димаштың концерттік нөмірлеріне қатысып қана қоймай, жеке шығармаларын да ұсынды.

Кештің ерекше сәттерінің бірі – Димашқа дәстүрлі өрнекпен кестеленген шапанның тарту етілуі болды. Сыйлықты әнші сахнаға арнайы шақырған жас қазақстандық дизайнер табыстады. Димаш дизайнерге еңбегі үшін ерекше алғысын білдірді.

Кештің қорытынды композициясын әнші көрермендер арасында орындады. Сахнадан түсіп, көпшілікке жақын жерде ән шырқауы концерттің әсерлі финалына айналып, көрермендермен арадағы ерекше шығармашылық байланысты айқындай түсті.

Соңғы жаңалықтар

«Мен де сол сияқты болғым келді»: Бразилия телеарнасында Димаш Құдайберген туралы айтылды

Бразилияның Domingo Espetacular телебағдарламасында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы және оның жас музыканттардың кәсіби қалыптасуына тигізген ықпалы туралы баяндалды. https://www.youtube.com/watch?v=bz0ygMHUvNA Димаштың...

Астанада Ақтөбе облысының мәдениет күндері аясында Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған көрме ашылды

10–11 қазан күндері Астанадағы Qazaq Creative Hub орталығында Ақтөбе өңірінің мәдениеті мен өнерін дәріптеуге арналған іс-шаралар өтуде. Осы мәдени...

«DimashAli» шығармашылық орталығы ұстаздарға арналған «Ұстазым» әніне түсірілген бейнеклипті ұсынады

Ұстаздар күні қарсаңында «DimashAli» шығармашылық орталығы Бауыржан Бабажанұлының сөзіне жазылған Қанат Айтбаевтың «Ұстазым» әніне түсірілген жаңа бейнеклипті көпшілік назарына...

Словакиялық және чехиялық Dears Silk Road Fest фестивалінде Димаштың шығармашылығын таныстырды

Словакиялық және чехиялық Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Братиславада өткен түркі мәдениеттерінің Silk Road Fest фестиваліне қатысып, шара қонақтарына өнер иесінің...

Мексика жастары Димаштың шығармашылығымен оның концерттері қарсаңында танысты

Мексиканың Чиуауа қаласында Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері «Dimash, the Voice That Unites the World» атты арнайы іс-шара ұйымдастырды. Шара әншінің...