ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dimash World Әлемді бағындырып: Астанада Димашқа арналған көрме өтті

Әлемді бағындырып: Астанада Димашқа арналған көрме өтті

Dimash World Әлемді бағындырып: Астанада Димашқа арналған көрме өтті

Әлемді бағындырып: Астанада Димашқа арналған көрме өтті

12 қыркүйекте Астанада Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасының халық әртісі Димаш Құдайбергеннің шығармашылығына арналған «Димаш: әлемді бағындырып» атты көрмесі ашылды.

Көрменің ашылуына Димаштың ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтар, Димаштың әжесі Миуа Низамутдинова қатысты.

Құттықтау сөзінде Қанат Құдайбергенұлы:

“Біз шығармашылықта шекараның жоқ екендігінің айғағы ретінде әлемнің түкпір-түкпірінен келген адамдарды Астанада тоғыстырғанымызға өте қуаныштымыз. Осы көрмені ұйымдастыру да дәл осы жанкүйерлердің арқасында іске асқаны ақиқат”.

Димаш видео үндеу түсіріп, қала қонақтарымен емен-жарқын амандасып, өз алғысын білдірді.


Көрменің идеялық дем берушісі Димаштың анасы Светлана Айтбаева болды.

Светлана Ермекқызы DimashNews редакциясымен көрменің құрылу тарихы жөнінде былай деді:

«Димаш жанкүйерлерін Dears – қымбаттым деп атады. Әр қойылымда, әр концертте Димаштың жанкүйерлері аған көптеген сыйлықтар, кәдесыйлар мен кітаптар сыйлап, хат жазды. Отбасымыз үшін, Димаш үшін және жеке өзім үшін мұның бәрі өте қымбат. Кішкентай әріптерден бастап, Димашқа қолдан тігілген концерттік костюмдерге дейін жинай бастадым.
Ал, мен әйтеуір бір күні мұражай жасаймыз деп армандайтынмын.

Биыл менің идеямды Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Ұлттық музейі қолдады. Бірнеше аптадан кейін біз уақытша көрме дайындадық.

Музейде музыкалық аспаптармен қосқанда, Димаштың нағыз шеберлердің қолынан шыққан әртүрлі елдерден 35-ке жуық түрлі аспаптар коллекциясы бар.
Осындай құнды аспаптарды көріп-білу үшін шағын мұражай жасауды жөн көрдік. Әсіресе, кәсіби музыканттар бұл аспаптарды ерекше құрметпен қабылдайды».

Соңғы жаңалықтар

Вьетнамдағы «Жұлдыздармен түн» – Пласидо Доминго, Кристин Ополайс және Димаш Құдайберген Ханой опера театрында эксклюзивті концерт берді

6 шілдеде Вьетнам астанасында Испания, Латвия және Қазақстанның үш вокалдық өнер шеберінің ерекше концерті өтті. Ho Guom операның екінші...

Димаш Қазақстан Республикасының Вьетнамдағы Елшілігінде болды

Вьетнамға шығармашылық сапары аясында Димаш Құдайберген ата-анасы Қанат пен Светлана Айтбаевтармен бірге Вьетнам Социалистік Республикасындағы Қазақстан Республикасының Елшілігінде болды. Құрметті...

Димаш Ханойға “Хо Гом” театрының концерттік бағдарламасына қатысу келді

2025 жылдың 4 шілдесінде Димаш Құдайберген Вьетнам мемлекетінің астанасы Ханой қаласы келді. Ной Бай әуежайында қазақстандық өнерпазды жергілікті фан-клубтың...

Димаш Құдайберген испандық «La Voz de Galicia» басылымына сұхбат берді

Испаниялық журналист және Димаштың жанкүйері Йоланда Гарсиа Галисиядағы ең көп таралатын күнделікті газетте қазақстандық әншінің сұхбатын төмендегіше ұсынады: «Бүкіл әлемді...

Димаш пен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубына Вьетнамның танымал радиосы өзінің шығарылымын арнайды

2025 жылғы 2 шілдеде VOV3 (Вьетнам дауысы) радиоканалы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің шығармашылығы мен оның вьетнамдық жанкүйерлер клубының қызметіне...