«Voice Beyond Horizon» шоуының сегізінші эпизодында қатысушылар Алматыдағы алғашқы сахналарынан соң сәл тыныстап, Тянь-Шань баурайында орналасқан «Алмалар қаласында» фольклорлық мұра жинауға бағытталған жаңа сапарға аттанды. Кездейсоқ іріктелген командалар әртүрлі бағыттарға бөлініп, шабыт іздеуге кірісті.
Ла Даньчжу және Принц: Алматыдағы Арбат көшесі

Арбатқа жол тартпас бұрын Қытайдан келген қатысушы қытай халқының қайсар рухының көрінісі болған композитор Сянь Синьхайдың ескерткішіне баруды жөн көрді. Ескерткішке гүл шоғын қойып, Ла Даньчжу Принцке «Сары өзен туралы кантата» шығармасынан үзінді орындап, оның тарихи мазмұнын түсіндірді. Принц Алматыда қытай музыкантына арналған ескерткіштің орнатылу себебіне қызығушылық танытты. Ла Даньчжу тағдыр тәлкегімен Қазақстанға келген Сянь Синьхайдың қиын кезеңде қазақ композиторы Бақытжан Байқадамовтан үлкен қолдау мен шынайы достық көргенін баяндады.

Сянь Синьхай мен Бақытжан Байқадамов қиын-қыстау кезеңде бір-біріне демеу болып, музыканы адамдар мен халықтарды жақындастыратын көпір деп біліп, бірлесіп бірқатар туындылар дүниеге әкелді. Алматы қаласында осы композиторлардың құрметіне аталған екі көше қатар орналасып, екі халық арасындағы ұлы достықты айшықтайды.

Арбат көшесі – түрлі түсті соқпақтармен таралатын әуен секілді, заманауи көше өнерпаздар мен суретшілерді тоғыстыратын кеңістік. Мұнда тіпті самал желдің өзі әсем аккордтарға толы. Музыканттар дәл осы жерде өнер арқылы танысып, үндестік аясында жаңа идеялар туындап, нәзік достық таулар мен теңіздерден асып өз жалғасын табады.
Осы жерде қатысушылар Шыңжаңнан келген студенттер тобымен танысты. Жастар кезек-кезек домбыра, сырнай, сыбызғы, қобыз, сазсырнай және гитарада өнер көрсетті. Барлығы бірігіп ән шырқап, Арбат қонақтарының ыстық ықыласына бөленді. Қарт кісі саяхатшылардың өтінішімен «Жасмин гүлі» әнін аккордеонда орындап, музыканың шекара танымайтын әмбебап тіл екендігін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Джулия Фальконе, Нур Чолпон және Чжан Синьюй: «Алма фестивалі»

«Алма фестивалі» – бейтаныс жандармен иық тіресе билеу, мерекелік қызу тіршілік – қаланың шынайы эмоцияларын жеткізетін жанды шығармашылық материал.

Алматы – алманың тарихи отандарының бірі ретінде жыл сайын қыркүйек айының үшінші жексенбісінде қалалық мерекесін атап өтеді. Осы күні әлемнің түкпір-түкпірінен туристер жиналып, ауқымды алма фестиваліне қатысып, өнім мерекесінің ажырамас бөлігіне айналады.
Фестиваль барысында қатысушылар Алматыдағы Қытай Халық Республикасының Бас консулдығы ұйымдастырған шағын қытай павильонына тап болды. Бұл орын Қытай мәдениетіне терең үңілуге мүмкіндік беретін ерекше мәдени кеңістікке айналған. Мұнда келушілер қытай каллиграфиясымен, зияткерлік ойындармен және гучжэн аспабымен танысып, қытай мәдениетінің ерекшелігін сезіне білді.
Нұржас Садырбаев, Цай Чэнъюй және Джерил Ли: Қайыңды көлі
Уақыт кеңістігінде қатып қалған суасты орманы, алау түтінімен астасқан шаттық пен қуаныш – Қайыңды көліне жасалған сапар әсерлі шығармаларға арқау болары сөзсіз.



Қайыңды көлі Тянь-Шаньның «көкшіл жанары» іспетті: көлдің қою көк суынан бой түзеген тік шыршалар жүздеген жылдар бойы мызғымай тұрғандай әсер қалдырады. Көл жағасында тұрған сәтте тек жүрек соғысы ғана тылсым тыныштықпен үндеседі.
Көлден оралған соң қатысушылар көшпелілер шаңырағында қонақ болды. Мұнда кең дала ақ дастархан болып жайылып, бақыт оттың жылуынан және сүт шайдың хош иісінен сезіледі. Үй иелері қонақтарға таба нан, бауырсақ, қуырдақ, қымыз секілді дәстүрлі тағамдарды ұсынып, әрқайсысын өзіндік тарихын ерекше ықыласпен таныстырды.
