ҚАЗ RUS ENG

ҚАЗ RUS ENG

Dears АҚШ-тағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Нью-Йорктің дәл ортасында Наурыз мейрамын...

АҚШ-тағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Нью-Йорктің дәл ортасында Наурыз мейрамын тойлады

Dears АҚШ-тағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Нью-Йорктің дәл ортасында Наурыз мейрамын тойлады

АҚШ-тағы Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері Нью-Йорктің дәл ортасында Наурыз мейрамын тойлады

Нью-Йорк қаласында, нақтырақ айтқанда Таймс-сквер алаңында Наурыз мерекесіне арналған мәдени іс-шара өткізілді. Аталған мереке қазақ диаспорасының өкілдерін, дипломаттарды, студенттер мен қала тұрғындарын біріктірген ерекше шара болып өтті. Іс-шараға сондай-ақ Димаш Құдайбергеннің Нью-Йорктегі жанкүйерлері белсенді түрде қатысты.

Мерекелік бағдарлама Қазақстанның Нью-Йорктегі консулдығының ұйымдастыруымен және блогер Жасұлан Ұланның қолдауымен жүзеге асырылды. Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың дәстүрлі киім үлгілерін тамашалап, ұлттық музыкамен, сонымен қатар тұсаукесер секілді салт-дәстүр элементтерімен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Бағдарлама аясында Alqissa балалар ансамблі мен Zhetigen тобы өз өнерлерін көрсетті. Аталған топтың орындауында қазақтың ұлттық аспабы — домбыра үні Таймс-сквер кеңістігінде шырқалып, қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударды. Музыканттар Құрманғазының «Балбырауын» және «Адай» күйлерін америкалық домбырашы Джефф Гершпен бірлесіп орындады.

Сонымен қатар, Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері қазақтык ұлттық киімдерін киіп, өз қолдарымен әзірлеген қазақ туы бейнеленген тәттілерді таратып, ерекше мерекелік атмосфера сыйлады.

Қатысушылардың пікірінше, мұндай бастамалар ұлттық мәдениетті сақтау мен оны жаһандық кеңістікте насихаттаудың маңызды құралы болып табыл.

Соңғы жаңалықтар

Димаштың Латын Америкадағы жанкүйерлері концертте қазақ тілінде ән шырқайды

Димаш Құдайбергеннің әр концертінің бағдарламасында қазақ тіліндегі танымал әндерге арнайы бөлім беріледі. Осылайша әнші туған елінің ұлттық өнерін таныстыра...

Махаббат тілінде: Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS турының Латын Америкадағы кезеңі басталды

11 қарашада Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің әлемдік гастрольдік сапары аясындағы DIMENSIONS шоуының шымылдығы түрілді. Қазақстан, Испания және Қытай өкілдерінен...

«Қазақстан! Қазақстан!»: Меридада Димаш Құдайбергеннің концерті қарсаңында Dears кездесу өткізді

Ертең, 11 қарашада, Мексиканың Мерида қаласында Димаш Құдайбергеннің DIMENSIONS әлемдік туры аясындағы Латын Америкасындағы алғашқы концерті өтеді. Көптен күткен...

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті қайда өтеді

Димаштың жаңа гастрольдік тур аясындағы Мексикадағы алғашқы концерті 12 мың көрерменге арналған Foro GNP Seguros жабық концерт залы мен...

Монтеррей орталығында Димаш Құдайбергенге арналған мурал пайда болды

Мексиканың Нуэво-Леон штатындағы Монтеррей қаласында қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған мурал салынды. Қабырғаға бейнеленген бұл көркем туынды жергілікті жанкүйерлерлің...